Бірер күн бұрын ғана Қазақстан ұлттық құрамасының жаттықтырушысы болып тағайындалған Александр Бородюк «Спорт-Экспресс» басылымына сұхбат берді.
Өткен айдың басында Бородюктің Беларусь құрамасын жаттықтыратыны хабарланған. Ал былтыр Ресей құрамасының тізгінін ұстайтындардың тізімінде болды. Сондай-ақ, аз уақыт бұрын өз елінің құрамасында спорт директоры қызметін атқаруы мүмкін екендігі айтылды.
«Былтыр Виталий Муткомен кездескенім рас. Бірақ түбінде таңдау маған түспеді. Станислав Черчесовке тек сәттілік тілеймін. Ал спорт директоры, жастар құрамасын жаттықтыру жайлы тек газет беттерінен ғана оқыдым. Оның бәрін сыбыс деп қабылдау қажет. Оның үстіне алдағы жылдары жаттықтырушы болып қана қызмет еткім келеді», – деді Қазақстан құрамасының жаңа жаттықтырушысы.
«Бір жарым ай бұрын Минскіде болдым. Беларусь ұлттық құрамасындағы жұмысым жайлы талқыладық. Бірақ федерация бұл мәселені кейінге шегеру туралы шешім қабылдады. Міне, осы уақытта Қазақстаннан ұсыныс түсті. Әубәкіров Қаныш Қайдарұлымен (Қазақстан футбол федерациясының бірінші вице-президенті) кездесу өткіздім. Бәрі ойдағыдай өтті. Ұсынысы маған қызығырақ болып көрінді. Үш күннің ішінде бәрі шешілді. Оның үстіне былтыр «Қайратта» жұмыс істегендіктен, Қазақстанның футболға деген көзқарасын жақсы білемін. «Астана», «Тобыл», «Ордабасы», «Атырау» сынды ұжымдар жылдан жылға күшейіп келеді», – деді Александр Бородюк.
Қазақстан құрамасы 2018 жылы өтетін әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде 2 ұпаймен соңғы орында келеді. Ал жаңа бапкердің алдына қандай тапсырма берілді? «Команда құрамындағы ойыншыларды жасарту, жас футболшылардың талантын ашу, лайықты ойын көрсете алатын команда жасақтап шығаруым керек. Әрине, спорт болғаннан кейін жеңіс пен жеңілістің қатар жүруі заңдылық. Бірақ бастысы бұл сында барыңды салуың қажет», – деді ол.
Жаңа бапкер келгеннен кейін жанкүйерлердің нәтиже күтері анық. Ал ӘЧ 2018-ге жолдама алу мүмкін бе? «Федерацияда шындыққа тура қарайтын кісілер жұмыс істейді. Көшбасшы командалардан ұпай айырмашылығымыз өте жоғары. Бірақ әр бапкер командасын тек жеңіс тұғырынан көргісі келеді. Мен де солай болса екен деймін. Қарамағымдағы жігіттердің өз елінің намысы үшін барын салғанын қалаймын», – деді ол.
«Құрамада көмекшім Виктор Лосев болады. Екеуіміз бір кездері «Динамо» командасында, олимпиадалық құрамада бірге ойнағанбыз. Ресей Федерациясында, жастар құрамасында бірге қызмет еттік. Екеуіміз бұрыннан таныспыз, футболға деген көзқарасымыз да бірдей», – деді ол.
Айта кетейік, Александр Бородюк Қазақстан құрамасымен үшжылдық келісімшартқа отырды.
• 01 Наурыз, 2017
Александр Бородюк: Қазақстан құрамасына жас таланттарды тартуым қажет

Егеуқұйрық уы бар балалар тағамы: Қазақстанның сауда нүктелері тексерілді
Қоғам • Бүгін, 17:57
Кеншілерге өмір бойы берілетін регрестік төлемдер: Министрлік аралас модельді ұсынды
Қоғам • Бүгін, 17:46
Әкімдіктер тоқсан сайын тексереді: 12 шілдеден бастап пәтер жалдау ережесі өзгереді
Қоғам • Бүгін, 17:36
Imam AI: Енді жасанды интеллект діни сұрақтарға жауап береді
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:05
Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухты «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
Президент • Бүгін, 16:44
Моңғолияға көлікпен бару мүмкін болмақ: Президенттер төте жол салуға уағдаласты
Президент • Бүгін, 16:38
Қазақстан Моңғолияға ғарыштан бақылау жүйесін құруға көмектеседі
Президент • Бүгін, 16:29
Мұғалімдерге ерекше балалармен жұмыс істеуді үйрететін арнайы курстар енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 16:20
Астанада тәулігіне 1,5 мың тонна қалдық өңдейтін экопарк бой көтереді
Экология • Бүгін, 16:08
Баян-Өлгей аймағында Қазақстанның консулдық мекемесі ашылады
Президент • Бүгін, 16:05
Әлеуметтік дертке тосқауыл бола ма?
Мәселе • Бүгін, 16:00
Кореяда заңды жұмыс істеу: Министр келіссөздердің неге кешеуілдегенін түсіндірді
Еңбек • Бүгін, 15:57
Делиберациялы демократия – дамудың бір даңғылы
Саясат • Бүгін, 15:53
Қазақстан мен Моңғолия арасында 13 құжатқа қол қойылды
Президент • Бүгін, 15:33