02 Наурыз, 2017

Арыстар рухы асқақтайды

461 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Мәдениет және спорт министрлігінің бағ­дарламасына сәйкес Алаш қоз­ға­лысының 100 жылдығына орай, Се­мей қаласында 100-ден астам ма­­ңызды шаралар легі өтетін болады. Қазіргі уақытта Семейдегі архив қыз­меткерлері осыдан он жыл бұ­рын шыққан Алаш қозғалысы тура­лы кітапты жаңадан толықтырып шы­­ғарғалы жатыр. Абайдың мем­ле­­­кет­тік тарихи мемориалдық мұ­ра­­жайының директоры Болат Жү­ніс­­бековтің айтуынша, қаладағы «Мұх­тар Әуезов және алаш арыс­та­­ры» мұражай-үйінде күрделі жө­н­­деулер жүргізілуде. Үй ХIХ ға­сыр­дың екінші жартысында қызыл кір­піш­тен салынған. – Алаш қозғалысы қызметіне ара­лас­қан тұлғалардың бірі Әнияр Қожабайұлы МОЛДАБАЕВ 1850 жылы туып, 1934 жылы дүниеден қайтқан, – дейді ше­жі­ре ақсақал, этнограф Молдабек Жан­болат­ұлы. – Әниярдың әкесі Қожабай Ше­гірұлы сүйектен, ағаштан өрнекті бұй­ымдар жасайтын шебер, ісмер адам бол­ған. Қожабай 1858 жылы дүние салады да, Сүндетбай, Үмбетбай, Әнияр атты ба­лалары әкесінің інісі Молдабайдың қо­лын­да тәрбиеленеді. 1865 жылы 15 жасар Әниярды Абай Молдабайдан сұрап алып, Семей шаһарындағы орыс-қазақ учи­ли­ще­сіне оқуға береді. Оны бітірген соң Әнияр Ташкентке барып жоғары білім ала­ды. Заң қызметкері болып Әндіжанда, кейін Марғұланда кіші шенеунік болып қыз­мет істейді. 1890 жылдары Семейдегі мем­лекеттік банктің қызметкері, кейін оның меңгерушісі, уездік сот болады.Әнияр Молдабаев Семейде қызмет жасап жүргенде Абай өзінің әулетінен мал жиғызып, 30 бестінің қаржысына Семейдегі Москвин деген орыстың үйін Әнияр­ға сатып әпереді. Ұлы Абай Семей­ге келген кезінде осы үйге түсіп жүрген. Әниярдың үйі Семейге келетін Тобық­ты елінің игі жақсылары ғана емес, Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатұлы, Әлімхан Ермекұлы, Халел Ғаппасұлы, Рақымжан Мәрсекұлы, Сыдық Дүйсенбайұлы, Мұстақым Малдыбайұлы, Биахмет Сәрсенұлы сияқты азаматтар жиі бас қо­са­тын орынға айналған. Биыл Семейде арыстар рухы асқақтайды. Қала көшелеріне алаш қайраткерлерінің есімдері беріледі. Осыған орай «Көше күндері» аталып өткізіледі. Және Әлиханға арнап үлкен монумент қаланың сол жағалауында, Жаңа Семей аумағында орналасады. Ахметтің, Мағжанның, Жүсіпбектің тағы да басқа алаш қайраткерлерінің ескерткіштері тұрғызылып, халық кең демалып, қыдыратын орынға айналмақ. Алаш аллеясы салынады. Қысқасы, тарихи шаһарды Алаш рухы тербейтін болады. Раушан НҰҒМАНБЕКОВА СЕМЕЙ Суретті түсірген автор