02 Наурыз, 2017

«Мүгедек баланың халін дәл мендей кім түсінеді?!» – оралдық кәсіпкер Біржан Қожақов

773 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін
Келіскен уақыттан ертерек барып қалыппын. Көлігін өзі жүргізіп келді. Көмекшісі кеңседен мүгедектер арбасын алып шықты. Жүргізушінің орындығынан арбаға лып етіп жеңіл отыра қалған Біржан Қожақов бізбен көңілді амандасты. «Бүгін қатты қуаныштымын. Түсте Орал құс фабрикасының директоры Талан Оразғалиев шақырып, таныстық. Менің Facebook желісінде жазған өтінішімді оқыпты. Өздігінен жүре алмайтын қызметкерлерімді тасымалдайтын автобус іздеп едім. Арзандау бағаға. Талан Қабдірашитұлы бір автобусын тегін сыйлайтынын айтты. Ой, қандай жақсы болды!».

Жолпол Біржан

«Ғибадат» ЖШС директоры, «Демеу» мүгедектерді қолдау қоғамының төрағасы Біржан Қожақов туғаннан мүгедек емес. 2001 жылдың қысында жол полициясында қызмет етіп жүріп, екі аяғын қатты үсітіп алыпты. – Орал қаласының Теректіге қарай шы­ғатын бекетінде тұр­дым. Жол жие­гін­дегі қуықтай буд­­ка ғой. Электр қуа­тын сол жер­­дегі саяжайларға тартыл­ған же­­­ліден алып, пеш қосатынбыз. Сол күні жа­рық болмады. Күн суық еді. Қатты то­ңып қа­лып­пын, – дейді Біржан. Әрине, ол кез – қиын уақыт еді. Кей­іпкеріміз қолы жеткен жерге дей­ін қа­ралып, емделді. Саратовтағы кли­ни­ка­лық ауру­ха­на, Алматыдағы Сызғанов инс­­­титуты, Орал ауруханалары... Болмады. Гангрена басталып­ты... Алты операция өт­ті. Сөйтіп, 30 жасар зіңгіттей жігіт айна­ла­­сы төрт-бес айдың ішінде екі ая­­ғынан ай­ырылып, төсекке та­ңыл­ды. – Командирім Қайсар Сұл­тан­­баев деген тараздық жі­гіт еді. Ауруханада жат­қа­н­ым­да ар­найы келді. «Біржан, мойы­ма! Әб­ден жазылып ал. Про­тез сал­дыр. Со­сын өзі­ме кел. Қай­та­­дан қызметке аламын!» – деді. Аза­­мат екен, сөзінде тұрды! Осы­­лай­­ша автокөліктерді тех­ни­ка­лық бай­қау­дан өткізіп жүрдім, – дей­ді Біржан.

Шебер Біржан

Дегенмен, бұл қызметте көп жү­ре алмасын сезген Біржан Қожақов алдағы өмі­рінің қам-қа­ре­кетін ойлай бастайды. Әуел­ден қолы шебер еді. Қолда бар тақ­­тайлардан құрастырып, теле­дидар қоя­тын үстелше жасады. Көрген адам көп ұзат­пай, сұ­ра­ған ақысын беріп алып ке­­­тіпті. Екі­н­ші бұйым да көп жат­пады. Сөй­­тіп, Біржан бұл іс­ке тү­бе­гей­лі кі­ріс­ті. Жол по­ли­ция­сын­дағы қыз­метін өз ер­кі­мен тапсырды. Әуелі жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, жеке тапсырыстармен іс бастаған Бір­жан­ға Оралдағы кәсіпкерлікті қолдау меке­ме­лері кө­мектесті. Шағын цех ашып, жа­­ны­на көмекшілер тартты. – Қасыма ауылдан келген қазақ балала­рын тарттым. Бұ­рын жиһаз саласында өң­­кей өз­ге ұлт өкілдері еді. Біз ұлттық бұ­й­­­ы­мдар жасай бас­та­дық. А­қ­жай­­ық ау­да­нының сол кез­де­гі әкі­мі Шафқат Өте­мі­совтің қол­дауымен ауданның бір мектеп-интернатын парта, кереует, бас­қа да жиһазбен жарақтап бердім. Мұндай мем­лекеттік тапсырыс­тар жұмыс көлемі жа­ғы­нан да, қаржылай жағынан да тиімді екен. Тендерлерге қатысуды үй­рендік. 2010 жылы станоктар ал­дық, «Ғибадат» ЖШС атанып, ұжы­мымыз 15-16 адамға жетті, – дейді қайсар жігіт.

Кәсіпкер Біржан

Біржанның кәсіпкерлігі «қы­зық». Әдет­те, кез келген кә­сіп­­кер, кез келген бас­шы аз шы­­ғынмен көп табыс табуды ой­лай­­ды. Жұрттың бәріне көп жұ­мыс істеп, аз жалақы алатын адам керек. Әсіресе, қыз­метшің қол-аяғы балғадай, ауырмайтын, қандай жұмыс тапсырсаң да қыңқ ет­пейтін қара нардай болса, шіркін! Бірақ Біржан олай ойламайды. Мүм­кін­дігі шектеулі жандарды қызметке ала­ды. Бүгінде қарауындағы 32 адамның 19-ы мүгедек. Арбаға таңылғандары бар, про­тезбен жүретіндері бар, құлағы есті­мей­тіндері бар... – Екінші деңгейлі банктер мүгедек кә­сіп­керге ешуақытта несие бермейді. Оның се­бебі, кәсіпкер несиесін қайтара алмай, мәселе сотқа тірелер болса, мүгедек адамды заң қорғайды екен. Сондықтан банктер біз­ді жылы сөзбен алдап қана шығарып салады. Бір қарағанда, біз­ге көмектесуі тиіс заңның «пай­дасын» осылай көріп келе­міз, – дейді Біржан. Қыстың қары, күз бен көк­тем­нің лай­­саңы мүгедек жанды үйінен ұзат­пай­­ды. Күн ашық, жер қараның өзінде арба­­мен алыс­қа бара алмайсың. Жоға­ры­­да Біржанның өз қызметкерлерін та­­сы­­малдауға автобус іздеп жүр­­­ге­ні сон­дықтан. Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов қызметіне кіріскен бойда Біржан Қожа­қов­ты қабылдап, құны 5 млн 600 мың теңге тұратын станок алуға кө­мектескен. Бұл үлкен көмек. – Тұрақты орнымыз жоқ. Соңғы кезде ел­ден түсетін тапсырыс күрт азайып кетті. Қазіргі ғимаратты айына 475 мың теңге төлеп жалдап отырмыз. Оның да қарызы бастап асып барады, – дейді Біржан.

Демеуші Біржан

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қар­­са­ңын­да оралдық «Демеу» мү­гедек­тер­ді қол­дау қо­ғамының атағы дүркіреп шығып кет­­ті. Шықпағанда ше, Біржан Қо­жақов­тың шебер­ханасы сал ауруына шал­дық­қан ауыр науқас балаларға арнайы құ­рал­дар шығарып, республика бойынша тегін та­рат­са! – «Демеу» қоғамдық бір­ле­с­­тігінің ұжымы болып ақыл­да­сып, Тәуелсіздік тойына біз­ден де бір тарту болсын деп ше­ш­тік. Ойлана келе Еңбек жә­не халықты әлеу­меттік қорғау ми­нистрі Тамара Дү­й­се­нова­ға ар­­­найы хат жолдадық. «Еліміз бой­­ынша сал (ДЦП) ауруымен ауы­рып, төсек тартып жатқан сыр­­қат балаларға арнап әр об­лыс­қа екі вертикализаторды те­гін жасап береміз», деп мой­ны­мызға алдық, – дейді Біржан Қожақов. Басына түспеген адам қайдан білсін, бұл вертикализатор деген аппарат сал ауру­ына шалдыққан балалар үшін тап­тыр­­мас құрал екен. Буынын ұстай алмай­тын сәбиді әртүрлі қалыпқа бейімдеп, өзді­гінен отыруға, тұ­­руға жаттықтыратын мұн­­дай қон­дырғылар Қазақстанда мүл­дем жа­салмайды. Ресей, Гер­ма­ния, Түркия, Ита­лиядан шы­ғатын аппараттардың ба­ғасы асп­андап тұр – 250 мыңнан 1 млн 300 мың теңгеге дейін барады. – Мүгедек сәбидің жағдайын менен артық кім түсінеді?! Көшім балалар үйіне бар­ғанда жаным түршікті. Жыл он екі ай, күн мен түн төсекке таңылған балалардың ха­лін көргенде жү­регім қарс айырылып ке­те жаз­дады, – дейді Біржан. Сонымен көп ізденіспен, ма­­мандар мен дәрігерлердің ке­­ңе­сінен кейін Бір­жан­ның фир­­­­ма­сы вертикализатордың 34 түрін жасап шықты. Оларды мү­­­г­едек жан­­дар жатқан интер­нат­­тарға апарып, сынақтан өт­кіз­­ді. Және оралдық аппа­рат­­тың құны 45 пен 145 мың теңгенің ара­лығында. – Қазақстанның әр облысына 2 дана­дан те­гін аппарат жіберетінімізді хабарладық. Мүм­­кіндігінше бұл аппаратты ауыл тұр­ғын­дары, көп балалы от­басылар, аз қам­тыл­ған жандар алуын қадағаладық, – дей­­ді кәсіпкер. Осылайша, 35 аппаратты «Қаз­пошта» арқылы әрбір мекенжайға жет­кізген. Бұл қайырымдылық шарасы «Демеу» қоғамына 8 млн 270 мың теңгеге түс­іпті. – Біздің бұл акциямызға қо­сымша де­меу­шілер табылар деп ойлағанбыз. Тіп­ті, «Қазпошта» аппараттарды мүгедек ба­ла­лар­ға тегін жеткізіп берсе де әжеп­тәуір көмек еді. Амал не, олай бол­ма­ды. Бәрін өзі­міз көтердік. Алайда, аппаратқа қолы же­тіп, қимыл-қозғалысы сәл де болса алға бас­қан бүлдіршіндердің ақжүрек алғысын ес­тігенде бә­рін ұмытып кетеді екенсің, – дей­ді Біржан Қожақов. Арбаға таңылса да ешкімге қол жай­­ма­­ған азамат мемлекет тарапынан тап­сы­­рыс­­тар кү­теді. Мұндай тапсырыс Бір­жан Қожақовтың кәсіпорнын ға­на емес, сал ау­ру­ынан зардап шеккен жүз­де­ген сә­би­дің өз аяғына тұруына жәрдем етер еді. Біз Біржан Қожақовтың шеберханасынан шыққан аппаратты тегін алып, пайдаланып жатқан бірнеше адамға хабарласып, олардың да пікірлерін білдік. Айжан Мұстафина, Атырау облысы Индер ауданы Бөдене ауылының тұрғыны, 8 жасар Назардың анасы: – Қызымыз Назарды Қызылордада екі айлық курстан өткізіп келген кезде осы аппарат қолымызға тиді. Дер кезінде жеткен көмек болды, өйткені, қызыма енді дәл осы вертикализатор жаттығулары тағайындалған болатын. Аллаға шүкір, қызым қатарынан қалмай білім алып, бірте-бірте бойын билеп, сөздік қоры молайып келе жа- тыр. Біржанға Алла разы болсын! Нұргүл Уаисова, Қарағанды облысы, Қаражал қаласы, Жәйрем кентінің тұрғыны,5 жасар Асылбектің анасы: – Вертикализатор қолымызға тигелі екі апта ғана болды. Орындық ретінде қолданып жүрміз. Өте сапалы жасалған екен. Баланың белін, басын ұстайтын тартпалары бар, бізге ұнады. Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан» ОРАЛ