02 Наурыз, 2017

Ең жас «Алтын алқалы» ана

500 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Биылғы ақпан айында Ақтөбе қаласының әлеуметтік-демографиялық өмірінде айта қаларлықтай жаңалық болды. Қала тұрғыны, алтын құрсақты ана Айсәуле Сатыбалдиева 34 жасында оныншы перзентін өмірге әкелді. Осы арқылы ол Ақтөбенің ең жас «Алтын алқа» иегері атанды. Ал бұл марапат кем дегенде сегіз бала өсірген көп балалы аналарға берілетінін ескерсек, бүгінгі ақтөбелік жас аналар мен келіншектердің арасында он түгілі, сегіз баланы дүниеге келтіргендер ілуде бір екеніне көз жеткіземіз. Қалай дегенде де, қазіргі кезде аналардың он баланы дүниеге әкелуі сирек көрініске айналып бара жатқаны рас. Әрине, мұның түрлі себептері болуы мүмкін. Әйтсе де, біз оның бәрін талдап жатпай, есесіне әңгімемізді көп балалы отбасы атанудың, ағалы-інілі және апалы-сіңлілі болудың оң қыр­ларына қарай аударғымыз келеді. Мұн­дайда қайсы біреулер көп баланы өмір­ге әкеліп, асырап өсіруге ша­ма­мыз келмейді, материалдық жағ­дай­ы­­- мыз көтермейді деп уәж айтуы да әб­ден мүмкін. Мұны қисынсыз пікір дей алмайсыз. Дегенмен, «Қой егіз тап­са, қос түп жусан артық шығады», «Әр баланың өз несібесі бар» деген ха­лық даналығын еске сала кеткеннің де артықшылығы жоқ. Осы халықтық қа­ғиданы он баланы дүниеге келтірген ақ­тө­б­елік ана Айсәуле Сатыбалдиева да қуаттады. Кешегі кеңестік кезеңге қарай ше­гі­ніс жасап көрейікші. Сол дәуірден не­ні көңілге түюге болады? Бұл ең алды­мен алпысыншы-жетпісінші жылдар ара­лығындағы бала туу санының күрт өсі­мі. Бір отбасында бес-алты баладан кем болмайтын, әрі сегіз-он балаға «әлем­нің жарығын сыйлаған» ата-аналар өте жиі кездесетін. Ал сол кездегі тұр­ғындардың әлеуметтік-тұрмыстық деңгейі қазіргі қазақстандық қоғам мү­шелерімен салыстырғанда әлде­қай­да төмен тұрды десек, қате­лес­пей­тін шығармыз. Өйткені, ол дәуірде жар­тымсыз кесімді жалақыдан өзге та­быс көздері жоқ болатын. Тіпті, Ке­ңес өкіметі жеке тұрғындардың қо­лын­да­ғы мал санын шектеу жөнінде шаралар бе­л­гіледі. Соның өзінде көп балалы от­басылар өз балаларын ешкімнен кем қыл­май өсірді. Әлеуметтанушы мамандар бір от­ба­­сындағы үйелмелі-сүйелмелі көп ба­ланы тәрбиелегеннен гөрі, жал­ғыз ба­ланың тәрбиесі әлдеқайда күр­­де­лі болатынын тұжырымдайды. Хал­­қымыз тумысынан өте балажан еке­ні де шындық. Сондықтан өз пе­р­­­з­­ен­т­- терін еркелетіп өсіруге ден қо­я­­ды. Ала­йда, шектен тыс еркелік жет­­­кін­шек­тің бойын­да өзімшіл мінез-құ­­­лық­тың пайда бо­луына соқтырмай қой­­­май­­ды дейді тәр­бие ісінің маманда­ры. Мұндай кө­рініс, әсіресе, жалғыз пер­­­­зенті бар от­басылардың арасында жиі кездеседі. Оның үстіне ата-ана­сы еркелетіп өсір­генімен, өмір ондай ер­ке­лікті кө­термейтіні де аян. Жал­ғыз ба­ла ержет­кен соң өмірде әртүр­лі ке­леңсіз жағ­дайларға тап бола­ты­ны­на, ал көп ба­лалы отбасында тәр­бие­лен­ген ба­ла­лардың көпшіл, бауыр­мал, өз­геге қол­дан келген көмегін беруге бей­ім болып өсетініне өмірдің өзінен көп­те­ген мы­сал­дар келтіруге болады. Еліміздің демографиялық өсімін жақ­сарту жөнінде бұдан биік межелер де белгіленер. Алайда, басты мәселе тек осы индекспен есептелмейтінін әрі бағаланбайтынын ұғына алар ма екенбіз. Тұтастай алғанда, бүгінде елімізде жас отбасыларға мемлекет тарапынан жасалып отырған қамқорлық олардың перзент санын шектемеуіне оң әсер етеді деген ойдамыз. Темір ҚҰСАЙЫН, «Егемен Қазақстан» Суретті түсірген Хайреден РАУШАНОВ Ақтөбе