02 Наурыз, 2017

Шетелдік компаниялардың Қазақстанда мұнай өндіруі үшін жаңа талап қойылды

812 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасы аумағында шетелдік компаниялар тек отандық компаниялармен бірлесіп қана жұмыс істей алады. Бұл туралы кеше Энергетика министрлігінің алқа отырысында Қанат Бозымбаев мәлімдеді.
"Мұнай өндірісі жобаларына қатысуы үшін бұдан былай шетелдік компаниялар жер қойнауын игеруші отандық компаниялармен бірлескен кәсіпорын құруға міндеттеледі. Жаңа талап шетелдік компанияларға кен орны негізінде беріледі", - деді министр. "Қазақстандағы ең ірі операторлар саналатын Теңіз, Қашаған мен Қарашығанақ осы талапты сақтайды. Батыс компаниялары енді мердігер ретінде жұмыс істей алмайды. Тек отандық компаниялармен бірлескен кәсіпорын құра отырып қана жұмыс істейді", - деді бас энергетик. Оның айтуынша, алдағы үші жылда қазақстандық мұнай сервисі компаниялары "Теңіз-шевройлдан" 12 млрд доллар алады. Жобаны кеңейту кемінде 20 мың жаңа жұмыс орнын ашады. Ал Теңіз жобасын кеңейтудің жалпы құны 37 млрд доллар.
Соңғы жаңалықтар

Құрметке лайық жандар

Қоғам • Бүгін, 08:50

Сезім суреттері

Көрме • Бүгін, 08:40

Шерағаң шаңырағындағы кеш

Тағзым • Бүгін, 08:35

Жарыстар күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:30

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Құрметке лайық жандар

Қоғам • Бүгін, 08:50

Сезім суреттері

Көрме • Бүгін, 08:40

Шерағаң шаңырағындағы кеш

Тағзым • Бүгін, 08:35

Жарыстар күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:30