02 Наурыз, 2017

Өзбекстанға шетелдік инвестиция ағыла бастады

263 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Өзбекстан 2017 жылы 199 инвестициялық жоба бойынша 4,505 млрд доллардың инвестициясын игеруді жоспарлап отыр, деп жазады haberler басылымы ел үкіметінің баспасөз қызметіне сіәлтеме жасап. Соның ішінде 79 жоба бойынша 1,85 млрд доллар шетелдік несие үкіметтің кепілдігімен  алынса, 120 жоба бойынша 2,65 млрд доллар тікелей тартылатын шетел инвестициясы болмақ. Өзбекстанға инвестиция салу жағынан Ресей бірінші орында. Ресей компаниялары негізінен Өзбекстанның энергетика секторына қаржы салады. Атап айтар болсақ, ресейлік ЛУКОЙЛ компаниясы 2017 жылы Өзбекстанға 1,217 млрд доллар құймақ.