Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевпен кездесті. Жүздесу барысында Елбасы Жолдауы жүктеген білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы талқыланып, білім беру мазмұнын жаңартудың негізгі бағыттары жөнінде сөз қозғалды, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Өз кезегінде Ерлан Кенжеғалиұлы базалық оқулықтар әзірлеуге қатысты министрлік жүргізіп жатқан реформалар туралы да сөз етті.
«Елімізде білім саласына ерекше мән беріліп отыр. Жаңа заманға сай талаптар ретімен енгізілуде. Біз осындай қадамдар арқылы Қазақстандағы білім беру жүйесін күтілген стандарттарға жеткіземіз. Тағы бір жаңалықтар - электронды портал. Бұл өз кезегінде мұғалімдерді қағазбастылықтан босатады. «Күнделік» порталы мен оқушылардың ҰБТ және басқа да емтихандарға дайындалуына көмекші құрал болатын «Вilim Land. Kz» интернет порталы іске қосылып отыр. Мектептерді интернетпен және интерактивті тақталармен қамту да басты назарда болады», - деді Ерлан Кенжеғалиұлы.
Білім және ғылым министрлігі биылдан бастап жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдерін аттесттаудың жаңа қағидаларын әзірлеп шықты. Бұдан бөлек, балабақшаларда, мектептерде, колледждерде және ЖОО-ларда мемлекеттік бақылау шеңберінде тәуекелдерді бағалау жүйесі бойынша жаңа тәсілдер қолданыла бастады.
Оңтүстік Қазақстан облысы еліміздегі ең көп оқушылар топтасқан өңір болып саналады. Әр жыл сайын мектеп табалдырығын аттайтын балалар 30 мыңға көбейіп отыр. Жылына орташа есеппен 80 мыңға жуық нәресте туылады. Сондықтан да өңірде мектеп тапшылығы туындауда.
«Жалпы, бүгінде облысымызда 1021 мектеп бар. Алдағы 5 жылда 205 мектептің құрылысын жүргізуді жоспарлап отырмыз. Елбасымыздың Жолдауын іске масыру баршамызға міндет. Осы орайда еліміздегі білім мен ғылым жүйесінің алдағы реформаларын бірлесе атқаруға ниеттіміз. Өзімнің осы саладағы тәжірибем мен білімімді бөлісуге қашанда әзірмін», - деді Жансейіт Қансейітұлы.
Айта кетейік, облысымызда "Балапан" бағдарламасы аясында 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту мәселесі басты назарға алынып отыр. Алдағы 3 жылда мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі аясында балабақша санын 100 пайызға жеткізу жоспарлануда. Кездесу соңында Білім және ғылым министрлігі мен облыс әкімдігі Оңтүстік өңіріндегі білім саласындағы күрмеулі мәселелерді бірлесе шешуге уағдаласты.
• 02 Наурыз, 2017
ОҚО: Білім саласында жаңа бастамалар жүзеге асады

Қарағандыдағы сәби өлімі: Инфекциялық орталықта тексеру басталды
Медицина • Бүгін, 13:48
Алматыда Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салды
Тұлға • Бүгін, 13:30
Балқаш пен Курчатовтан бөлек тағы бір өңірде АЭС салынуы мүмкін
Энергетика • Бүгін, 13:26
Ирандағы қақтығыс салдары: Әлемдік шығын 50 млрд доллардан асты
Экономика • Бүгін, 13:18
Қатар халықаралық рейстерді қайта аша бастады
Әлем • Бүгін, 13:08
Белгілі режиссер Жұлдызбек Жұманбай мәдениет қайраткері атанды
Аймақтар • Бүгін, 12:55
40 жыл еңбек өтілі бар азаматтар зейнетке ерте шыға ма?
Бюджет • Бүгін, 12:49
Қазақстан мен Моңғолия президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 12:40
Қазақстан мен Солтүстік Македония Іскерлік кеңес құрды
Қазақстан • Бүгін, 12:29
Әкімдіктерде үйлестіру жоқ: Үкімет басшысы жергілікті жердегі кемшіліктерді атап өтті
Инфрақұрылым • Бүгін, 12:22
ҰБТ-ға қосымша таңдау: AIT тестінің ерекшелігі неде?
Білім • Бүгін, 12:11
Банк шотыңыз бұғатталса не істеу керек?
Қоғам • Бүгін, 11:44
Қазақстанда екінші АЭС Балқаш маңында салынуы мүмкін
Энергетика • Бүгін, 11:40
Мирас • Бүгін, 11:35