03 Наурыз, 2017

«Барыс» бесінші ойында басым түсті

112 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Астананың «Барысы» Құрлықтық хоккей лигасындағы плей-офф кезеңінің 1/8 финалында «Трактор» командасымен бесінші рет күш сынасты. Челябіде өткен бұл ойында есепті астаналықтар ашты. Кездесу­дің 12-минутында Константин Пуш­карев қақпа алдындағы қарба­ласта қақпашыдан айласын асыра білді. Екінші кезеңде «Трактордың» басымдығы байқалды. Оның үстіне, біздің хоккейшілер ойын тәртібін жиі бұзып, төрешілер тарапынан қатаң жазалауға ұшы­­рап отырды. Сондай сәттің б­ірінде, яғни «Барыстың» бір ой­ыншысы айдыннан қуылған кезде челябіліктер таразы басын теңестіріп кетті. Голды 29-минутта Артем Бородкин өз атына жазды. Осы есеп матчтың соңына дейін өзгермей, командалар қосымша тайм ойнауға мәжбүр болды. Ал овертаймда, яғни 70-минутта Сен-Пьер Мартен соққан шайба «Барысқа» жеңіс әкелді. Сонымен, «Барыс» жалпы есепте 3:2 есебімен алға шықты. Енді бір ойында жеңіске жетсе, Астана хоккей клубы турнирдің келесі кезеңіне жолдама алады. Қайрат ӘБІЛДИНОВ, «Егемен Қазақстан»