03 Наурыз, 2017

Міндік қайыққа, кеттік Жайыққа...

400 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Өзен мен теңізге шығатын жүзу көліктерінің рұқсат етілген қуаты бұрын 40 ат күшіне тең еді. Биылдан бас­тап жаңа ереже енді де, бұл меже екі есеге қысқарды. Негізі Үкімет су айдындарында қуатты жүзу көліктерінің қозғалысына шектеу қою туралы осыдан төрт жыл бұрын қаулы шығарған, алайда оны қаперге алғандар аз. Соның кесірінен бағалы балық қоры нағыз көбейетін уақытында шығынға ұшырады. Атырау облысында 1300 моторлы қайық тіркелген, оның 900-ден астамы талапқа сай емес болып қалды. Балық­шы кооперативтеріне бұл жаңалық алдын ала айтыл­ғанымен, екі мыңға жуық ба­лықшы жаңа маусымға бұры­нғыдай дайындалған. Солардың бірі – Рысбек Тайы­ров. Қуатты көлікті қымбат бағаға несиеге алған ол енді не істерін білмей дал. Облыстық ауыл шаруашылығы басқар­масының басшысы Сырым Рысқалиев наразылық біл­діріп отырғандар заңсыз ба­лық аулаушылар екенін айтады. Оларға түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Жалпы, облыс бойынша 19 кооператив балық аулау саласында қызмет етеді. Олардың арасында құрал-жабдықтары жаңа ереже талабына сай келмейтіндері де бар. Жер­гілікті атқарушы билік енді қуаты 20 ат күшінен артық су көліктерін Жайыққа жақын­датпаймыз деп отыр. Бақытгүл БАБАШ, «Егемен Қазақстан» АТЫРАУ