03 Наурыз, 2017

Экологиялық кодекске түзетулер талқыланды

153 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Парламент Сенаты Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңының жобасы бірінші оқылымда қаралды. Заң жобасы еліміздегі қол­даныстағы экологиялық заң­наманы жетілдіруге және оны құқық қолдану практика­сы кезінде анықталған құқықтық ол­қы­лықтарды жоюға бағыт­талған. Құжат қоршаған ортаға елеу­лі әсер етпейтін нысан­дар жөнінде жобалық құжаттар бо­йын­ша қоғамдық тыңдаулар өт­кізу қажеттігі туралы ереже­лер­ді алып тастауды қарастырады. Тұрмыстық қатты қалдық­тарды алдын ала өңдеу жасамай полигондарға қабылдау мен көмуге тыйым салатын Экологиялық кодекс ережелерін қолданысқа енгізу мерзімдері өзгереді. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган­ның парниктік газдар шы­ға­рындылары квотаны өнім бір­лігіне шаққанда бөлу мақсатын­да парниктік газдардың үлестік дәрежелерінің тізбесін әзірлеу және бекіту бөлігіндегі құзыреті нақтыланады. Өзгерістер сондай-ақ сарқынды суларды табиғи және жасанды су объектілеріне ағызуды реттеу бойынша нормаларды нақтылауды да көздейді, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.