03 Наурыз, 2017

Азық-түлік бағасын арзандатуға бола ма?

165 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Бүгінгі ең көкейкесті мәселелердің бірі әлеуметтік маңызы жоғары азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру екені анық. Ал оны тұрақтандырып қана қоймай, белгілі бір деңгейде бағаның төмендеуіне қол жеткізіліп жатса ше? Сірә, бәрекелді деп дәл осындай жағдайда айтылатын шығар. Әйтсе де қымбатшылық етектен тартқан қазіргі кезеңде бұлай болуы тіптен мүмкін еместей көрінеді. Дегенмен, өңірдегі іс басында отырған азаматтар осы мүмкін еместі мүмкін жасады десек бұған илана қояр ма едіңіз? Егер бұған күмән келтірсеңіз айтылған мәселеге көзіңізді жеткізу үшін төмендегідей жайттарды баяндап беруге болады. Біріншіден, аймақтағы «Ақтөбе» ӘКК АҚ азық-түлік тауарлары нарығын да­мытудың іргелі де кешенді шараларын белгілеп жү­зеге асырған. Әсіресе олар бү­гін­гі­дей қаржы-экономикалық дағ­да­рыс жағдайында сапасы жо­ғ­а­­ры жер­гілікті ауылшаруашылық өнім­­де­рін төмендетілген бағамен қа­лай өт­кізуге болатындығын терең түр­­­де зер­делей білген. Соның нә­ти­же­­­сінде бұл бағыттағы жұмыстар тиім­ді, нә­тижелі және сенімді түрде жүр­­­гі­зілген. Жоғарыда айтылғандай, не­­гізгі әлеуметтік маңызы бар азық-тү­­­лік өнімдерінің бағасы өзгеріске ұшы­рамай тұра алмайды. Мұны ретке келтіруде облыста құрылған тұрақтандыру қорының септігі мол. Ба­ғаның негізсіз өсуіне түрткі болатын жайттардың бірі – тауарды жет­кі­­зушілер мен тұтынушылардың ара­сын­­да әлекедей жалаңдаған алыпса­тар­лар мен делдалдардың жүруі де­с­ек шындықтан алшақ кетпейміз. Осы келеңсіз құбылыстың алдын алу үшін өңірде аталған буындарды ті­ке­лей байланыстыратын заманауи ин­фра­­­құрылым орныққан. Осы ар­қылы ауыл­­­шаруашылық тауарын өн­ді­ру­ші­лер өз өнімдерін сауда орындарына ті­келей өткізуге мүмкіндік алып отыр. Ал өз кезегінде тұтынушылар сапалы әрі құнарлы азық-түлік өнімдерін тиімді бағаға сатып ала алады. Өңірде азық-түлік бағаларының қолжетімді болуына Ақтөбе қаласы аумағындағы «Табыс» коммуналдық базарының тигізіп жүрген ықпалы айтарлықтай. Оның жалпы аумағы 4400 шаршы метрді құрайды. Ал мұндағы көкөніс сақтау қоймасы мен көтерме базардың сыйымдылығы 1850 тоннаға тең. Аталған аумақта әлеу­меттік ма­ңы­зы жоғары азық-түлік түр­­лері мен ауыл­шаруашылық өнім­д­е­рін сатуға шы­ға­рудың ыңғайлы да тиімді жолдары бел­гіленген. Ке­ңей­тіл­ген шағын базарлар мен әлеу­мет­тік павильондар желісі осы пі­кі­рі­міз­дің айғағы. Міне, осындай ір­гелі де ілкімді ізденістердің арқасында ауыл­­шаруашылық өнімдерінің бағасы 10 пайызға дейін төмендегенін айту қа­­­жет. Бұған тауарлардың көрші ай­мақ­­­тардан жүк көтергіштігі 25 тонна құ­­райтын рефрижераторлардың кө­ме­гі­мен тікелей жеткізілуі де оң әсе­рін ти­­гіз­ген. Сондай-ақ, «Табыс» ба­за­ры ау­­ма­ғында өткен жылы өт­кі­зіл­ген ауыл­ша­­­руашылық тауарла­ры жәр­меңкелері де маусымдық өнімдер бағасының әжептәуір тө­­мендеуіне жол ашқан. Соңғы кезде республика өңір­ле­рінде құрылған аймақаралық ин­тег­рацияның игілігін де алғаш рет көре бастаған Ақтөбе облысының тұрғындары. Мұнда осының нә­ти­жесінде әлеуметтік маңызы жо­ға­ры азық-түлік өнімдерінің бөлшек саудадағы орташа бағасы әжептәуір төмендеген. Сонымен бірге көршілес Қызылорда облысымен орнатылған бай­ланыс күріштің, балық пен тұздың және өзге де азық-түлік түрлерінің ба­ғасы төмендеуіне жол ашыпты. Мұн­дай жағдайда көршілес өңірлер эко­номикалық даму мен импортты алмас­тыру мәселелерінде өзара ынты­мақ­тастықты нығайтуға барынша мүд­делі екені айтпаса да түсінікті. Об­лыста бү­гінгі басты мақсат – жаңа ке­лі­сім­шарт­тар жасауға және өнімдерді же­т­кі­зушілер аясын жергілікті заңды тұл­ғалар есебінен кеңейтуге ба­ғытталған. Бұл әрі аймақаралық коопе­рацияны дамытудың басты бір те­тігі ретінде қарастырылуда. Тұрақты қа­дағалау қай кез­де де өзінің оң нә­тижесін бермей қал­майды. Сондықтан да шығар облыс ор­та­лығында бүгінгі күні әлеу­мет­тік мә­ні мен маңызы жоғары азық-тү­лік өнім­дерінің бағасы орташа көр­сет­кіш­тен 10-30 пайыз аралығында тө­мен болып отыр. Темір ҚҰСАЙЫН, «Егемен Қазақстан» АҚТӨБЕ