03 Наурыз, 2017

Аграрлық сала ғылыммен астасып келеді

150 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Елордадағы С.Сейфуллин атындағы агротехникалық университетте Н.Назар­баев­тың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» ат­­ты Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген тапсырмаларды жүзеге асы­ру тетігі талқыланды. «Ауыл шаруашылығы өндірісіне инновациялық техно­ло­гия­ларды, өсімдік сұрыптарын және ауыл шаруашылығы малдарының асыл тұ­қымдарын енгізу» тақырыбымен ұйымдастырылған Мәжілістің көшпелі оты­рысына депутаттар мен Ауыл шаруашылығы министрлігінің, коммерциялық емес білім беру орталықтарының өкілдері, ғалымдар мен тәжірибелі мамандар жә­не оқу орнының студенттері қатысты. Мәжіліс Төрағасының орынбасары Владимир Божко мен Аграрлық мә­се­ле­­лер комитетінің төрағасы Сапархан Омаров басшылық еткен көш­­пелі оты­рыс­­қа қатысушылар алдымен универ­си­тет базасындағы зертхана­лар­ды, тә­жі­ри­бе­­лік-эксперименттік плат­­фор­маларды жә­­не Ауыл шаруа­шы­лығының биотехно­ло­гиясы ғылыми-зерттеу институтын аралап, олардың жұмысымен танысты. Ал талқылау барысында «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕ» АҚ басқарма төрағасы Асқар Наметов Қазақстанның аграрлық-өнеркәсіптік ке­ше­нінің (АӨК) инновациялық дамуына жәр­демдесуі жөніндегі ұйымның қыз­ме­ті туралы егжей-тегжейлі баянда­ды. Сон­дай-ақ, алқалы жиында сөз ал­ған­дар­­дың қатарында «С.Сейфуллин атын­­да­­ғы Қазақ агротехникалық уни­вер­си­те­ті» АҚ басқарма төрағасы Ақылбек Кү­ріш­­баев та болды. Ол қатысушыларды уни­­верситеттің маман дая­рлау мен біл­ік­­тілік арт­тыру бо­йынша білім беру бағ­дар­ла­ма­сымен және реформалау жүйе­сімен та­ныстырды. Айрықша атап өтерлігі сол, кеңесте де­путаттар аграрлық ғылым мен жаңа технологиялардың АӨК-нің бәсекеге қа­­білеттілігін арттырудағы маңызды рө­­лін, ғылым мен ауыл шаруашылығы өн­д­і­рісінің тығыз интеграциясын, саланы са­палы кадрлармен қамтамасыз ету қа­жет­тілігін кеңінен талқылады. «Елбасы Жолдауының төртінші та­рау­ында бұл салаға арнайы тоқталған. Тіп­ті, «аграрлық сектор экономиканың жа­ңа драйверіне айналуы тиіс» деп нақ­ты міндеттеме де жүктелген. Демек, Қа­зақ­­­станның агроөнеркәсіп кешенінің бо­ла­­шағы зор», деген депутат С.Омаров елі­­міз көптеген позициялар бойынша әлемдегі ірі аграрлық экспорттық өнім өн­­д­ірушілердің қатарына қосыла ала­тын­ды­­ғын атап өтті. Сонымен қатар, алқалы жиында Жол­дау жүктеген мақсат-міндеттердің әрбір тар­­мағы жан-жақты талданып, таразыла­н­д­ы. Мәселен, ауыл шаруашылығын әр­та­­раптандыру арқылы 2021 жылға қарай елі­міздің азық-түлік тауары экспортын 40%-ға көбейтуді көздейтін тапсырманы жү­­зеге асырудың тетіктері сараланып, ең­бек өнімділігін арттырумен қатар, өндіріс шы­ғындарын төмендету жайы сөз болды. Сол сияқты жерді пайдалану тиімділігін же­тілдіру мен суармалы егіс алаңын 5 жыл ішінде 40%-ға дейін кеңейту арқылы егіс алқабын 2 миллион гектарға жеткізу қа­жеттілігі айтылды. Нұрлыбек ДОСЫБАЙ, «Егемен Қазақстан»