13 Сәуір, 2011

Үшқоңыр

632 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Бұрынғы Шамалған, қазіргі Үш­қоңыр ауылында 36 ұлт өкілі қо­ныстанған. Жиырма мыңға тарта халықтың тұрмысы да ауыз толты­рып айтуға тұрарлықтай. Және жыл­дан-жылға күнкөрістері жақса­рып келеді. Мұнда өскелең ұрпаққа саналы тәрбие, сапалы білім беру­дің барлық жолдары қарастырыл­ған. Атап айтсақ, төрт жыл бұрын 280 балаға өз есігін айқара ашқан «Бота» балабақшасы мектепке дейінгі тәрбиенің қай жағынан бол­ма­сын мінсіз болуын қамта­масыз етуде. Олардың тұлға болып қа­лып­тасуы жолында ауылдағы соң­ғы заманауи технологиялармен жаб­дық­талған үш мектеп пен бір мектеп-гимназия ұстаздары аянбай еңбектенуде. Мектеп демекші, Үшқоңыр ауы­лындағы Елбасы алғаш қалам ұстап, әріп таныған Қарасай ба­тыр (бұрынғы Фурманов) атын­дағы орта мектептің орны ерекше. Мұн­дағы әрбір шәкірт «Президентіміз оқыған мектеп», деп мақтанып, Мемлекет басшысы­ның өмірбая­нын жатқа баян­дайды. Себебі, осын­дағы «Шапа­ғат» атты тарихи-өлкетану музейінде оқушылардың білімін жетілдіру үшін барлық жағдай бар. 1998 жылы ашылған мұражай ауыл тарихынан хабар беретін сан алуан деректер мен Нұрсұлтан Әбішұлының өмірі мен еңбек жолынан сыр шертетін жәді­гер­лерге толы. Елбасының қолы­нан «Құрмет» орденін алған мұра­жай меңгерушісі Рымкеш Байқо­нысова әрбір жәдігерге тіл бітіріп, түсі­нікті етіп орналастырған. 2007 жылы Президент жолы түсіп алғаш білім алған мектебін ара­лағанда өз риза­шылығын білдіріп, 60 суретті сыйға тартқан екен. Ауылдың өркендеп, гүлденуі­не үлкен мән беретін Елбасы­мыздың туған жерінде ауыл ша­руашы­лы­ғына, құрылыс жұмыс­та­рына қа­жет мамандарды дайындау ісі де жолға қойылған. Осы мақсатта су шаруа­шылығы колледжі мен № 2 кәсіптік мектеп те өз жұмыстарын мінсіз атқарып келеді. Ал ауыл жастары­ның бос уа­қыттарын тиімді өткі­зуіне елді мекендегі Мә­де­ниет үйінде барлық жағдай жасал­ған. Сала­матты өмір салтын ұстану үшін арнайы спорт үйірмелері жұ­мыс істесе, білімдерін терең­детіп, ойларын жетілдіргісі келетіндерге кітапхана есігі ашық. Кинотеатр мен Жастар ор­та­лығы да жақында іске қо­сыл­мақ. Өркениетті ауыл үшқоңыр­лық­­тардың денсаулығы да мықты бо­луы үшін жаңадан ашылған көп салалы ауылдық  50 төсектік аурухана жұмыс істесе, емхана 150 адамды бірден қабылдап тиісті дәрігерлік қызмет көрсетеді. Ал тіршілік нәрі – ауыз судың таза­лығына «Нұрбол» ЖШС зор кө­ңіл бөлсе, көгілдір отынның өш­пеуін «Сигма» атты серіктестік қадағалап отырады. Бір айта кетерлігі, осындағы барлық мекемелер мен кәсіпорындар, ұйымдар болсын, өз жерлестері Елбасының сара саясатын қолдап, көрсеткен бағыт-бағдары бойынша жұмыс­та­рын жүргізуде. Бүгінгі таңда жүрек тазалығы мен иманның беріктігі адам ба­ласы үшін аса қажет. Үшқоңыр ауылы­ның шетінде, Төле бидің қалпағын­дай болған табиғаты тамаша, ауасы таза Үшқоңыр тауы­ның бөктеріне жақын Қарасай мешіті орналасқан. Кереметтей көз тартады. Алла үйінің есігі әр мұсылманға айқара ашық. Он жыл бойы ойы түзу адамды иманды­лыққа шақырып, адалдық­қа үгіт­теген облыстық мешіт бұл. Кә­лимаға тілі келгендер осында келіп неке қидырып, жұма намаз­ға жығылуға, немесе иманды­лық уағыздарын тыңдауға келіп тұра­ды. Ал одан әрі, тау бөктерін бетке алсаңыз көрікті мазарға көзіңіз түсері анық. Онда Нұрсұл­тан Әбішұлының ата-бабалары, әке-шешесі мәңгі ұйқыда жатыр. Қауырт жұмыстардан қолы боса­ған­да, сәті түскенде Елбасы осы туған өлкеге ат басын бұрып, аруақтарға құран бағыштап қай­та­тын қасиетті орын. Балалықтың бал дәурен шағы­ның бағалы естеліктері сақтал­ған қара шаңырақтың да оты маздап тұр. Міне, Тұңғыш Президентіміз ты­ныстап, түлеп ұшқан ауыл келбеті осындай. Жамбыл бабамыз: «Еңсесі биік ел алып, ел бастаған ер алып» деп жырлағандай, тәуел­сіздіктің туын берік ұстаған Ел­басын өткен саяси науқанда жерлестері де еш күмәнсіз қолдай білді. Барлығы бірауыздан белсенділік танытып, дауыстарын  берді. Бұл ең алдымен халық қалау­лысының ел сенімінен шы­ғып, үмітін ақтай білгендігінің жемісі. Күмісжан БАЙЖАН.