03 Наурыз, 2017

Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

132 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Еліміздің басым бөлігінде атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты жауын-шашынды, тұрақсыз ауа райы сақталады, республиканың тек батыс және солтүстік-батыс бөлігінде ауа-райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болуы мүмкін, деп хабарлады ҚазАқпарат. Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал. Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. ОңтүстікҚазақстан, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді, Оңтүстік-Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады. Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғуы ықтимал.