13 Сәуір, 2011

«Бәйтерек» – Керекуде қонақта

2663 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Астанадағы Президенттік мәде­ниет орталығының ұжымы Керекуге келіп қайтты. Әуелі Г.Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінде  «Елбасы және тәу­елсіз Қазақстан» атты көрме  ашылды. Көрменің  ашылу салтанатына облыс әкімі Ба­қытжан Сағынтаев, Президенттік мәде­ниет орталығының директоры Мырзатай Жолдасбеков қатысып, сөз сөйледі. Көр­мені  «Нұр Отан»  партиясы мүшелері, зия­лы қау­ым өкілдері, студент жастар, қа­ла жұрт­шы­лығы аралап көрді. Көрменің мән-мақсаты – еліміздің тәуелсіздік жо­лындағы тарихын, 20  жыл уақытта жеткен жетістіктерді көр­сетуге арналғанын да айта кеткен жөн. Орталықтың жұртшылықпен өткен  кез­десуінде Мыр­затай Жолдасбеков  сөз сөйлеп, көрмеге Абы­лай хан мен Қазыбек би шапандары, «Алтын адам» сондай-ақ көшпенділер дәуірінің бірегей зергерлік бұйымдары қойылғанын айтты. Аруақты Абылай хан мен Қазыбек би­дің шапандарын көру, әрине, керекуліктерге ерекше әсер қалдырғаны сөзсіз. Бұдан кейін Естай  ақын атындағы қалалық мә­де­ниет сарайында  Президенттік мәдениет орталығының ұлттық дәстүрлер театры Елбасының  сахналық бейнесін сомдай­тын «Бәйтерек» поэтикалық-музыкалық спектаклін көрсетті. Ақын Несіпбек Айт­ұлы­ның «Бәйтерек» поэмасы негізінде дай­ын­далған осынау музыкалық-поэти­ка­лық қо­йы­лым жұртшылыққа  әбден ұнады десек, келесі күні мемлекет және қоғам қай­рат­кері, Президенттік мәдениет орта­лығының директоры Мырзатай Жолдас­бековтің «Тәу­елсіздік тағылымы» атты шығарма­шы­лық кеші өтті. Әншілер Мейрамбек Бес­паев, Айгүл Елшібаева, Гүл­жа­зира Бө­кей­хан­қызы, Гүлмира Сарина секілді өнер жұл­дыз­дары шығармашылық кештің сәнін келтірді. Фарида БЫҚАЙ. Павлодар.