04 Наурыз, 2017

ЮНИСЕФ өкілдері – Мәжілісте

195 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мәжіліске ЮНИСЕФ-тің Орталық және Шығыс Еуропа мен ТМД елдері бойынша Өңірлік директоры Афшан Хан келді, деп хабарлады палатаның баспасөз қызметі. Депутаттармен жүздесу барысында балалар құқығын қорғау, сонымен бірге ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мен балаларға арналған заң­на­малар жайында әңгіме қозғалды. Жүздесуге қатысушылар өзекті та­­қы­рыпты талқылай келе, аталған ­са­­л­­а­­дағы заңнамаларды жетілдіру және ек­і­­жақты үндесе түсу қажеттілігін атап өтті. Кездесуге қазақстандық пар­ла­мент­шілер Бейбіт Мамраев, Свет­лана Бычкова, Снежанна Има­ше­­ва, Айгүл Нұркина, Жәмила Нұр­­манбетова, Жанат Омарбекова қа­тысты. Мәжіліске мейманмен бірге ЮНИСЕФ-­тің Қазақстандағы Өкіл­ді­­гінің басшысы Юрий Оксамитный, атал­ған Өкілдік басшысының орынба­сары Фиакра Макаси, ЮНИСЕФ-тің білім беру және балалар құ­қы­ғын қор­ғау бағдарламаларының үй­лес­ті­ру­шіс­і Татьяна Адерихина келді.