06 Наурыз, 2017

Электронды билет – ел игілігіне

146 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қоғамдық көліктерде элек­­­тронды билетпен жүріп-тұру қаншалықты тиімді? Жаңа жобаны қолданысқа енгізу мә­селесі бұдан бұрын бірне­ше мәрте көтерілген болатын. Ше­неуніктердің айтуынша, атал­мыш жүйе арқылы авто­парк­тердің жұмысының айқын­ды­лығын қамтамасыз етуге және жолаушыларды бір орталықтан бақылауға тиімді. – Қазіргі кезде электронды билет беру бойынша қанатқақты жоба енгізілген Алматының тәжірибесін бақылап отырмыз, – дейді Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіров. – Бірақ, бұл жобаны енгізу туралы нақты шешім әлі қабылданған жоқ. Бұл мәселе бойынша нақты жауап сәуір айында белгілі болады. Үкіметте қарағандылық биліктің заңнамаға өзгерістер енгізу бойынша ұсынысы қаралады. Облыс орталығында автобустарда қолма-қол және қолма-қол ақшасыз есеп айы­рысуға сараланған тарифтер енгізілмек, сондай-ақ, авто­парктерді субсидиялау мәселесі жойылып, көлік саласы сервистік схемадан шы­ғарылмақ. Егер осы өзгерістер қабылданса, онда біздің қалада жобаны енгізу үшін «Оңай» компаниясы жауапты болады. Жылы аялдамалар да Қара­ғандының қоғамдық көлік жолаушылары үшін тағы да бір жаңашылдық болады. Бүгінде қаладағы «Арман» боулингінің жанында бір жылы аялдама бар. Жақын арада осындай тағы да 5 павильон орнатылмақ. Мирас АСАН, «Егемен Қазақстан» ҚАРАҒАНДЫ