Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Кездесу барысында Мемлекет басшысына Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қызметі мен алдағы жұмыс жоспары туралы есеп берілді. Қазақстан Президенті дін саласында қалыптасып отырған жағдайға тоқталып, министрліктің рөлін, оған жүктелген міндеттерді ерекше атап өтті.
- Бұған дейін бізде мұндай министрлік болған жоқ. Діни қоғамдастықтармен, үкіметтік емес сектормен және жастар ұйымдарымен жұмысты жолға қойып, оны әрі қарай жалғастыру қажет, - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Елбасы мемлекеттің дінге және діни ұйымдарға, діни экстремизммен күрес шараларына қатысты жүргізіп отырған саясатына айрықша назар аударды.
- Елімізде кез келген діни бірлестіктің жұмыс жүргізуіне барлық жағдай жасалған, дін ұстану бостандығына кепілдік берілген. Бұл салада бізге байыптылық керек. Сонымен бірге діни экстремизм мәселелерін реттеп, заңнаманы қайта қарастыру қажет. Министрлік алдында ауқымды жұмыстар тұр, - деді Мемлекет басшысы.
Н.Ермекбаев Қазақстан Президентіне өзі басшылық ететін саладағы жағдайдың тұрақты екенін туралы хабарлап, бүгінде елімізде қызметін жүргізіп отырған 18 конфессияның 3600-ден астам діни бірлестігі бар екенін айтты. Министрдің ақпараты бойынша, бірлестіктердің көбі ислам дініне тиесілі. Сондай-ақ, Н.Ермекбаев Нұрсұлтан Назарбаевқа министрліктің этносаралық және конфессияаралық татулық пен келісімді сақтай отырып, мемлекет пен діни бірлестіктердің қазақстандық өзара іс-қимыл моделін қалыптастыру бағытындағы жұмысы туралы баяндады. Кездесу қорытындысы бойынша Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді.
• 06 Наурыз, 2017
Назарбаев: Діни экстремизм мәселелерін реттеп, заңнаманы қайта қарау керек

Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты рәсімдер өтетін орындар анықталды
Тұлға • Бүгін, 21:51
Оқушылар медициналық көмексіз қалған: Жетісу облысында мектептер тексерілді
Оқиға • Бүгін, 21:31
Оңтүстік Кореяда болған митингте бір адам мерт болды
Әлем • Бүгін, 20:55
Астанада дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирі өтеді
Спорт • Бүгін, 20:36
Салық кодексіне түзетулер: Қаржы секторына қатысты бірқатар ұсыныс қолдау тапты
Үкімет • Бүгін, 19:59
Кітап оқуға құштарлық: Қостанайдағы кітапханашылар әулетінің өнегесі
Аймақтар • Бүгін, 19:33
Атом энергетикасы саласы: Ұзақ мерзімді бағдар айқындалды
Энергетика • Бүгін, 18:53
Аида Балаева Мұхтар Шахановтың неге Арыстан баб кесенесіне жерленбейтінін түсіндірді
Тұлға • Бүгін, 18:24
Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі Алматыда өтеді
Тұлға • Бүгін, 17:57
Әскери қызметшілердің ақшалай үлесі мен жәрдемақысы: Ережеге қандай өзгерістер енді?
Әскер • Бүгін, 17:55
Жапонияда 7,7 балдық жер сілкінісі тіркелді
Табиғат • Бүгін, 17:48
Мейірім Нұрсұлтанов уақытша чемпион атағы үшін айқасады
Спорт • Бүгін, 17:33
Астанада бір жылда бейнебақылау камераларының саны екі есеге артты
Елорда • Бүгін, 17:26
Жамбыл облысында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 11 балаға жәрдемақы төленбеген
Аймақтар • Бүгін, 17:01
Алматыда субұрқақтар маусымы қашан ашылады?
Алматы • Бүгін, 16:55