06 Наурыз, 2017

Оңтүстік Корея президентіне тағылған айып расталды

550 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тергеушілер Оңтүстік Кореяның президенті өзінің жақын досы және кеңесшісі Чхве Сун Сильмен бірге Samsung компаниясының вице-президенті Ли Чжэ Ённен пара алғаны расталғанын мәлімдеді, деп жазады ВВС. Тергеу комиссиясының айтуынша, олар компания вице-президентінен оның іскери мәселелерін шешуге көмектесу үшін 120 млн доллар алған. Сонымен қатар тергеу нәтижесінде Чхве отбасының жеке меншігінде 236 млн доллар бар екені анықталған. Бірақ, ол қаражаттың барлығы заңсыз жомлен алынғаны туралы дерек жоқ.

"Жоспарланған тергеу жұмыстарының тек жартысы ғана жүзеге асты. Себебі уақыт шектеулі болды. Тергеуге алынғандар тарапынан да ұмтылыс болмады", дейді тергеу агенттігінің төрағасы. Оның айтуынша, Пак өз қызметін асыра пайдаланған. Себебі ол үкіметті Samsung-ке байланысы бар екі компанияны біріктіруді жақтап дауыс беруге үгіттеген. Ресми болжам бойынша, бұл көп шығынға соқтыратыны алдын ала айтылған.

Тергеу комиссиясының айтуынша, Пак Кын Хе Оңтүстік Корея билігін сынға алды деген 9473 мәдениет өкілдерінен тұратын "қара тізімді" жасауға бастамашы болған. Сонымен қатар оған кеңесшісі екеуі басқа адамдардың атына тіркелген ұялы телефондарды пайдаланды деген де айып тағылып отыр.

Естеріңізге сала кетсек, 2016 жылдың желтоқсан айында Оңтүстік Корея паралменті Пак Кын Хеге  импичмент жариялаған болатын.