06 Наурыз, 2017

Қаржылық сауаттылықты арттырумен айналысатын ұйым құрылады

275 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бүгін Алматыда медиа саласындағы бірегей жобалардың бірі - «Іскерлік журналистика мектебі» аяқталды. Биыл аталған мектепте 32 жас журналист дәріс алды. Жоба мақсаты - қаржы, экономика, бизнес тақырыптарында жазатын жас журналистер ортасын қалыптастыру. Аталған жоба аясында студенттеріге ірі банктердің, қаржы ұйымдарының басшылары және тәжірибелі журналистер дәріс өткізді. Олардың қатарында «Қазақстан Халық банкі» АҚ, Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, Бірінші кредиттік бюро, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы, Исламдық қаржы дамыту қауымдастығы, «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі», Статистика комитеті, «Қазақстан қор биржасы», «Даму» кәсіпкерлікті дамыту» АҚ өкілдері мен танымал журналистер, кәсіпкерлер бар. «Қазіргі кезде іскерлік журналистиканың ақсап жатқаны рас. «Іскерік журналистика мектебінің» түлектері осы оқылықтың орнын толтырып, қазақ тілінде қаржы, экономика және бизнес тақырыбындағы контенттің көбеюіне ықпалын тигізеді деп ойлаймыз», - деді «Qazaq Media Group» компаниясының директоры Ербол Азанбек. Оның айтуынша, жақында елімізде қаржылық сауаттылықты арттырумен айналысатын қоғамдық қор құрылады. «Қор іскерлік журналистиканы дамытумен қатар, қазақ аудиториясының қаржылық сауатын арттыруға мән береді. Биыл қазақ тілінде, түсінікті тілмен жазылған «Банк клиентінің анықтамалығы», «Отбасылық бюджет» атты кітапшаларды жарыққа шығармақпыз. Адамдар банкке барғанда, кредит аларда, депозит ашарда нені білуі керек, олар туралы ақпаратты қайдан ала-алады, түрлі проблемалар туындағанда не істеуі керек?! Кітапшалар осы бағыта ақпарат береді. Сонымен қатар қаржы, экономика, бизнес тақырыбында жазатын жас журналистерді дайындауды жалғастырамыз», - деді ол.