06 Наурыз, 2017

"ҚазМұнайГаз" активтерінің бірі сатылады

269 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ 2017 жылдың 17 наурызында www.gosreestr.kz электронды сауда алаңы арқылы "ҚазОйлМаш" ЖШС жарғылық капиталындағы қатысуының 100% үлесін сатуды жоспарлап отыр. Сауда аукцион арқылы жүргізіледі. Бастапқы құны 450 мың теңге. Кепілдік жарнасы 67 500 теңге. "2015 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша "ҚазОйлМаш" ЖШС жарғылық капиталы 200 мың теңге болған", деп жазылған бағалау есебінде. Компания Маңғыстау облысында. Жарғы бойынша, мұнай құрылғысы мен машина өндірісі саласында қызмет көрсету жұмыстарымен айналысуы тиіс болған. «ҚазОйлМаш" құрылған 2011 жылдан бері ешқандай да қаржылық-шаруашылық жұмыс істемеген. Компанияға түскен жалғыз капитал жалғыз қатысушының жар капиталы болған. 31 желтоқсанға дейін компанияның ешқандай да активі немесе міндеттемесі болмаған", - делінген есепте. Айта кетейік, соңғы екі жылда компания минуста болды. 2015 жылы оның шығыны 17 мың теңге болса, 2014 жылы 133 мың теңге болған.