Қазақстандағы еңбек нарығындағы жастардың үлесі 27 пайыздан 24,6 пайызға қысқарды. Соның ішінде денсаулық сақтау, шикізаттық сектор мен сумен қамту салаларында жас мамандар аз.
Еңбек нарығындағы екінші тренд - мамандар кәсіпкерліктен бас тартып, жалдамалы жұмысқа көбірек кетуде.
Қазақстандағы жұмыспен қамту құрылымындағы жас мамандар 2015 жылдың 4 маусымынан 2016 жылдың соңына дейін 27 пайыздан 24,6 пайызға азайды.
2016 жылы елдегі жұмыс істейтін жастар саны 8 пайызға азайды. Ал экономикадағы жалпы жұмыс істейтін азаматтар саны 0,1 пайызға көбейді.
Соңғы бес жылда Қазақстандағы еңбек нарығындағы жұмыскерлердің орташа жасыныың қартаюы ерекше байқалады. 2011-2016 жылдар аралығында жалпы жұмыспен қамтылған азаматтар саны 5 пайызға көбейсе, осындай жастардың саны 2 пайызға азайған.
Қазіргі таңда, сонымен қатар, жастар кәсіпкерліктің болашағына күмәнмен қарап, шама келгенше жалдамалы еңбекті жөн көреді. Жұмысқа қабілетті жастар өз бетінше емес, жалдамалы жұмысқа ауысуда. Соңғы бес жылда 15-28 жас аралығындағы жалдамалы жұмысшы жастар саны 21 пайызға (278 мың) көбейсе, өзін өзі жұ9мыспен қамтушы жастар саны 40 пайызға (331 мың) азайды.
Қазіргі таңда өзін өзі жұмыспен қамтушы жастар саны 15-28 жас аралығындағы барлық жұмыс күшінің 23 пайызын құрайды. 2000 жылдардың басында жастардың 42 пайыздан астамы өз бетінше еңбек еткендер еді.
Жаңғырту 3.0 аясында ҚР Үкіметі 2017 жылдан бастап өнімді еңбек және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыра бастайды.
Атап айтар болсақ, қала мен ауылдағы ҚР азаматтары өз кәсібін ашу үшін 16 млн теңгеге дейін шағын несие ала алады. Жоба аясында несиелендіру географиясы кеңейтіліп, олардың қаржылық сауаты мен кәсіпкерлік негіздерін оқытуға мән берілмек.
Салалық нарық бойынша жастардың бетбұрысы негізінен қаржы және сақтандыру (барлық саланың 31 пайызы); кәсіби және ғылыми сала (30 пайыз) және телекоммуникация саласында (29,9%).
Жастардың ең аз баратын саласы сумен қамту (16,5%), тау-кен өнеркәсібі (18,2%) және денсаулық сақтау(19,2%).