07 Наурыз, 2017

Жазаны күшейткен жөн

212 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Алкогольды ішімдік ішіп, қоғамдық тәртіпті бұзғандарға жазаны қатаңдатпай болмайды. Өз міндеттеріне салғырт қараған ондайларды түрмеге дейін отырғызу шаралары қарастырылса, құба-құп балар еді. Құқық қолдану тәжірибелерінің өзекті мәселелері бойынша өткізілген ғы­л­ы­ми-практикалық конференцияда жұрт­шы­лықты мазалайтын маңызды жайттар, ювеналдық по­лицейлер, учаскелік по­ли­ция инспектор­лары, жол-патрульдік қыз­мет­теріне қатысты мә­­селелер қамтылды. Де­­сек те, тиіс­ті заң­намаларға өзгерістер ен­­­гі­зу шең­бе­­­­рін­де заң­герл­ер тарапынан ай­тыл­­ған ұсы­­ныс­тар­дың өзект­ісі – ішім­дік­ке бей­ім адамдарға қол­да­нылатын жазаларды кү­шейту. Соңғы кездері өңірде әкімшілік айып­пұл­ды төлемеушілердің саны әлдеқайда арт­қан. Былтыр 12 мыңнан астам адамға әкім­шілік хаттамалар толтырылып, 114 миллион теңге айыппұл салынса, оның жар­тысы ғана өтелген. Араларында ақыл-есінен айрылғанша ішіп, қоғамдық тәртіпті бірнеше мәрте бұзғандар да аз емес. Олар­дың басым бөлігін еш жерде жұ­мыс істемейтіндер мен ішімдікті суша сі­­­мі­ретіндер құрайтындықтан, айыппұл өн­­діру өте қиын. Сондықтан мұндай са­нат­тағыларды түрмеге қамап, түзеу жұ­мыстарына да мәжбүрлеу керек. Ол үшін заң­намаға өзгерістер енгізілуін қолдаймыз. Қ­азіргі заңнама нормалары бойынша айып­пұл салумен ғана шектеліп жүрміз, дейді сол­түстікқазақстандық полицейлер. Қоғамдық тәртіп сақшыларының пікі­рін­ше, айыппұлдық жаза түрімен қоса, қыл­мыстық құқық бұзушылық шаралары да қолданылса, аяғын аңдап басатындардың санының көбейе түсері анық. Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан» Солтүстік Қазақстан облысы