13 Сәуір, 2011

Еңбек бағаланды

319 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс ХХХІІІ сессиясы болып өтті. Оған  Қазақстан Респуб­лика­сы­ның Президенті Әкімшілігінің Басшысы Аслан Мусин қатысты. Сессияны ашқан облыстық  мәслихаттың хатшысы Қайырлы Едіресов  күн тәртібіне  ұсы­ныл­ған мәселені хабарлай келіп, сөзді А.Мусинге берді. Ол  Елбасы Нұр­сұлтан Назарбаевтың солтүс­тік­қазақстандық халық қалаулы­ла­ры­на  жолдаған хатын оқып берді. Онда Солтүстік Қазақстан облы­сы­ның әкіміне Серік Сұл­тан­ғазыұлы Біләловтің канди­да­тура­сы ұсынылғаны, оның атқарушы билік органдары және ауыл шаруашылығы салаларында жи­нақ­таған мол тәжірибесі айты­лып, депутаттардың келісімі сұ­ралған. Депутаттар Президент­тің  ұсынысын бірауыздан қол­дап, дауыс берді. Бұдан кейін А.Мусин  актив жиынында Мемлекет басшы­сы­ның Жарлығымен та­ғайын­далған жаңа әкімді  та­ныстырды. Оның әкім болған жыл­дары көп жұ­мыстар тын­дырылғанын, Ел­басы тапсырма­ларын ойдағы­дай орын­даға­нын атап өтті. С.Біләлов өз сөзінде  Президент сеніміне алғы­сын айта келіп, белгіленген міндеттерді орындауға бар күш-жі­герін жұ­мыл­дыратынын жеткізді. Өмір ЕСҚАЛИ. Петропавл.