07 Наурыз, 2017

Қостанайлық дәрігерді өлтіру үшін күдікті 20 мың доллар төлеген

158 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қостанайда облыстық психиатрлық аурухананың бас дәрігерін өлтіру үшін тапсырыс беруші 20 мың доллар берген. Бұл туралы Qostanay.TV Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады.  Іс материалдарына қарағанда, қылмысты ұйымдастыруға қатысы бар делінген күдікті оның әріптесі - Қостанай облысының соты облыстық психиатрлық аурухананың бөлім жетекшісі Зәуреш Изалдина (1972 жылғы). Тергеудің нұсқасы бойынша, қылмыс алдында дәрігерлердің арасында кәсібіне байланысты жанжал шыққан. Бұл кісі өлтіруге тапсырыс беруге себеп болған делінеді. Рашида Сандыбаеваның Изалдинаны әшкерелейтін мәліметі болған-мыс. Осыдан кейін Сандыбаеваны өлтіру туралы тапсырысты Изалдина бұрынғы емделушісіне берген. Ол оған 20 мың доллар төлеуге уәде берген. Ал ол өз кезегінде тағы екі адамды жалдап, соңғы екеуі 20 ақпанда кісі өлтірген. Естеріңізге сала кетсек, 20 ақпан ақпан күні Қостанайда облыстық психиатрлық аурухананың бас дәрігері Рашида Сандыбаева адам қолынан қаза тапқан болатын.