13 Сәуір, 2011

Бірауыздан мақұлданды

469 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қызылорда облысына Президент Әкімшілігінің Басшысы Аслан Мусин келді. Аслан Есбо­лай­ұлы алдымен мәслихат депутат­тарымен жолықты. Олар­ды облыс әкімін тағайындау тура­лы Елбасы Жарлығымен таныс­тырып, аймақ­ты осыған дейін басқарып келген Болатбек Қуан­дықовтың кандида­турасы қайта ұсынылғанын айтты. Мәслихат де­путаттары Болатбек Баян­ұлы­ның кандида­тура­сын бір­ауыздан мақұлдап, Елбасы шешімін қуат­тады. Одан кейін Президент Әкім­шілігінің Басшысы облыс активімен кездесті. – Бүгін сіздердің алдарыңызға Елбасының арнайы тапсырма­сы­мен келіп отырмын. Қызылорда облы­сын осыған дейін басқарып келген Болатбек Қуандықов Елба­сы Жар­лы­ғымен қайта тағайын­далды. Жа­ңа мәслихат депутат­тарымен жолы­ғып, ол кісілердің келісімін алдық, – деді Аслан Есболайұлы. Облыс активінің алдында сөз алған аймақ әкімі ең алдымен Елбасыға алғыс айтты. Артыл­ған сенімге сай жұмыс істеуге, қолға алынған шаруаларды со­ңына дейін жеткізуге, облыс­тың көркейіп, өсіп-өнуіне, дамуына барынша еңбек ететінін жеткізді. Ержан БАЙТІЛЕС. Қызылорда.