14 Сәуір, 2011

Өңірге жаңа әкім тағайындалды

381 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Премьер-Министр Кә­рім Мәсімов Талдықорған қал­а­сы­на келді. Ол облыстық мәсли­хаттың кеңейтілген сессиясына қатысқандарды осыған дейін об­лыс әкімі қызметін атқарған Серік Үмбетовтің Мемлекет бас­шы­сы­ның Жарлығымен басқа жұ­мысқа ауысқанынан хабардар етті. Серік Әбікенұлы облысты бас­қарған жыл­дары өңір эконо­ми­касы өр­кен­деп, халықтың әлеумет­тік-тұр­мыстық жағдайы жақсар­ғанын, Ел­басы Жолдауында атап көрсетілген үдемелі инновациялық индустрия­ландыру бағдарла­масы­ның, шағын және орта кәсіп­кер­лікті қолдау мен басқа салаларда жоспарлы жұ­мыс­тар жалғасқанын атап айтты. Сессияның күн тәртібінде об­лыс әкімі қызметіне ұсынылған Анзар Тұрсынханұлы Мұсаха­нов­тың кандидатурасын депутаттар бірауыздан қолдаса, Премьер-Министр Қазақстан Республикасы Пре­зидентінің жаңа әкімді тағай­ындау туралы Жарлығын оқыды. Ол бұған дейін облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Үкімет басшысы жаңа бас­шы­ға экономиканы әртараптандыру, құнды жобаларды жүзеге асыру, агроөнеркәсіп кешенін дамыту және білім беру, денсаулық сақ­тау, халықтың жағдайын көтеру, тағы басқа да міндеттерді назарда ұстауды тапсырды. Күмісжан БАЙЖАН. Алматы облысы.