07 Наурыз, 2017

Жапонияда суда қалқып жүретін капсула-қонақүй пайда болады

257 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жапонияда капсула формасында шағын қонақүй салынады. Оған төрт адамға дейін тұруға болады, деп жазады The Japan Times басылымы. Huis Ten Bosch компаниясы жыл соңына дейін осындай қонақүйді нарыққа шығармақ. Капсула Нагасаки префектурасындағы 39 мың шаршы метрлік аралдың жанында жүзіп жүреді. Қонақүй екі қабатты болады. Екінші қабат жатын бөлме. Бөлмелердің ақысы бір түнге шамамен 4,4-5,8 мың доллар. Кюсю аралындағы Сасебо қаласына жақын жердегі аралда Huis Ten Bosch фирмасы 1992 жылы ескі нидерланды ғимараттарының көшірмесімен тақырыптық саябақ ашқан еді. 2015 жылы сол жерде қонақтарға роботтар қызмет көрсететін Henna Hotel қонақүйі ашылған.