14 Сәуір, 2011

Жақсы істер жалғасады

413 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Ақтөбе облыстық мәс­ли­хатының кезектен тыс 28-ші сессиясы болып өтті. Оған Қа­зақстан Республикасы Президен­ті Әкімшілігінің Басшысы Аслан Мусин қатысты. Аслан Ес­бо­­лай­ұлы алдымен мәслихат де­путат­та­рымен жолығып, Ел­ба­сы Н.Ә.На­зарбаевтың Ақтөбе об­лы­сы­ның әкімдігіне Елеусін Нау­рыз­байұлы Сағындықовты қай­­та та­ғайындау жөнінде ұсыныс білдіргенін мәлімдеді. Сессия жұ­мы­сына қатысқан депутаттар Елбасы ұсынысын бірауыздан мақұлдады. Одан кейін болған актив жи­ынында Елеусін Наурызбайұлы Ел­­басы, Ұлт Көшбасшысы Нұ­р­сұл­­тан Назарбаевтың жоғары сенімін абыроймен атқаратынына сендіріп, өңір тынысын мемлекет алға қойған тапсырмалар деңгейінде жандандыруға сөз берді. Актив жи­налысында Аслан Мусин сөз сөй­леп, елдің, жердің байлығын игі­лікке пайдалану жөнінде пікір білдіріп, Елбасы Нұрсұлтан На­зар­баевтың атынан кезектен тыс президенттік сайлауда жоғары белсенділік танытып, сенім білдірген ақ­төбеліктерге алғыс сезімін жеткізді. Сатыбалды СӘУІРБАЙ. Ақтөбе облысы.