07 Наурыз, 2017

Сағынтаевтың ЕАЭО Үкіметаралық кеңесінің отырысындағы баяндамасы

90 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
Бүгін Бішкекте ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «кеңейтілген» құрамдағы Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысты, деп жазады pm.kz. ЕАЭО екі жылдан астам уақытта тиімді интеграциялық бірлестік ретінде орнықты. Дегенмен бұл жылдар біздің елдеріміз үшін оңай болған жоқ. Сыртқы қозғаушы күштердің ықпалы, жаһандық қаржылық және тауар нарықтарының тұрақсыздығы байқалды. Осыған орай, Одақтың ЖІӨ көлемі 0,7%-ға төмендеді. Біздің өзара сауда айналымымыз 11%-ға төмендеді. Осындай кезеңде өзара іс-қимылды нығайту, елдер арасындағы сауданы дамытудың жаңа тиімді құралдарын қалыптыстыру бойынша ортақ күш-жігерімізді шоғырландыруымыз маңызды. Осы қызметтегі маңызды бағыт - кедергілер мен шектеулерді жою болып табылады. Бұл жұмысты жүйелі әрі кезең-кезеңімен жүргізген жөн. Аталған бағытта мемлекеттердің сарапшылары мен комиссия едәуір жұмыстар атқарды. 60-тан астам кедергілер мен шектеулердің тізілімі үйлестірілді. Алдағы уақытта оларды жоюға байланысты Жол карталары әзірленетін болады. Бұл біздің кәсіпорындарымызға ортақ нарықтарға шығу жолын жеңілдетіп, сонымен қатар олардың дамуына қосымша жағдайлар жасайды. Одақта өзара іс-қимылды нығайтудың тағы бір элементі - мемлекеттеріміздің өндірушілері мен бизнесі үшін ең қолайлы жағдай жасау мәселесі болып табылады. Бұл туралы Қырғызстан Президенті А.Атамбаев біздің Мемлекет басшыларына үндеуінде хабарлады. ЕАЭО кәсіпкерлері ықпалдасудан, ортақ нарықтарды құрудан елеулі, жақсы нәтиже күтеді. Сол себепті де біз «ойынның ортақ ережелері» деп аталатын бірыңғай реттеуді жүзеге асыруға өзіміз келіскен салаларда бизнеске қажетті сапалы, тиімді әрі ауыртпалық түсірмейтін реттеу тәжірибесіне қол жеткізуіміз қажет. Осы орайда, біздің елдеріміздің бизнесіне кеден рәсімдерін жеңілдету, посткедендік бақылауға екпін түсірілген электронды мағлұмдауды жеңілдету ережелерінен тұратын Кедендік кодекстің жылдамырақ қабылданғаны керек. Біз жақын арада барлық ел Кодекске қол қойып, жыл соңына дейін ол күшіне енеді деген сенімдеміз. Сонымен қоса, біз кеденік тазарту саласында туындайтын мәселелер кешенін бірлесіп шешу жұмыстарына ниеттіміз. Кедендік қызметтердің бағалауы бойынша, Қытай тауарларының транзитпен Қырғыз Республикасының аумағына өтуі кезінде кедендік әкімшіліктендірудің жеткіліксіз деңгейі болуына қатысты мәселе орын алуы мүмкін. Бұған Қытайдан автокөлікпен 2016 жылы 9,5 есеге транзиттік тасымалдардың артуы дәлел. Біздің көзқарасымызға сәйкес, ЕАЭО-ның цифрлық мәселелер тізімін дамыту бойынша бастамаларды қарастыру кезінде де жүйелік тәсіл болуы керек. Біздің жүйелердің бір-бірімен түйіндесуге мүмкіндіктері болуы керек екені сөзсіз. Бұл әкімшілік кедергілерді жоюға, жаңа экономиканы дамытуға босалқы дайындама құруға тетіктерді тиімді іске асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, цифрлық мәселелер тізімін мұқият қарастырған жөн. Осы саладағы ұлттық бағдарламаларды жүзеге асыру жұмыстарын оқшаулауға жол бермеу керек. Жаңа жобаларды іске қосу сыртқы нарықтарға қолжетімділіктің қолайлы жағдайларын жасау жұмыстарымен тиімді қамтамасыз етілуі қажет. Осыған орай, ЕАЭО-тың халықаралық күн тәртібін іске асыруға баса назар аударылады. Қазіргі таңда бірқатар мемлекеттермен сауда-экономикалық келісімдерге қол қою туралы келіссөздер жүргізілуде. ҚХР, Үндістан, Иран, Сербия, Израиль, Моңғолия, Сингапур секілді елдермен түрлі дайындық деңгейінде ынтымақтастық мәселелері шешілуде. Келіссөздер жүргізудің қарқынына қарамастан, біздің салалар мен кәсіпорындардың сұраныстары қанағаттандырылуы керек. Бұл ЕАЭО елдерінің экономикаларына инвестициялар тарту мен экспорттық әлеуетті іске асырудың негізі болмақ. Біз интеграциялық бірлестігіміздің табысты болуы үшін біздің әр еліміздің ширақ әрі қарышты дамуы керек деп есептейміз. Сол себепті біз Қырғыз Республикасының ЕАЭО жағдайларына бейімделуіне қолдау көрсету бойынша мақсатты құптаймыз. Біз желтоқсанда Қырғыз Республикасына тиісті көмекті көрсетуге қатысты Келісім мен Хаттамаға қол қойдық. Бұдан өзге, Қазақстан арқылы транзитпен жүк тасымалдау кезінде сәйкестендірілген теміржол тарифін мерзімінен бұрын ұсыну туралы келісімге қол қойдық. Ол биылғы жылдың қаңтар айында күшіне енді. Сарапшылардың бағалауы бойынша, Келісім нормаларын мерзімінен бұрын қабылдау қырғыз жүк жіберушілеріне шамамен 60 млн долларды үнемдеуге мүмкіндік береді. Биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап, Қазақстан аумағы бойынша Қырғызстаннан Ресейге өткізуге рұқсат етілген тауарлар тізімі 86 қосымша тауарлар тобына ұлғайтылды. Бұдан өзге, биылғы жылдың ақпан айынан бастап, Қазақстанның барлық аумағына ветеринарлық бақылауға тиісті 46 тауарлар тобын тасуға рұқсат берілді және Қазақстанның 5 облысының аумағына тасуға рұқсат берілген тауарлар тізімі 39 топқа дейін ұлғайтылды. Осылайша, Қазақстанға кіргізуге рұқсат берілген, ЕАЭО кәсіпорындарының тізіліміне сай қырғыз кәсіпорындарында шығарылған қырғыз өнімдерінің тізімі 85 тауарлар тобына дейін ұлғайтылды. Біз, сондай-ақ, Қазақстанға өз өнімдерін жеткізуге дайын Қырғызстан кәсіпорындарының тізімін белгіленген тәртіпте ұлғайтуға дайынбыз. Өзара қолдау көрсету, ымыраға келу, тиімді шешімдерді табу қағидаларына сүйенген біздің өзара қарым-қатынасымыз Одақты нығайтуға, оның тартымдылығын әлемдік қоғамдастықта арттыруға мықты серпін болатынына сенімдімін. Назар аударғандарыңызға рахмет!