07 Наурыз, 2017

Президент мерекелік концертті тамашалады

133 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы «Қазақстан» орталық концерт залында 8 наурыз – халықаралық әйелдер күнін мерекелеуге арналған «Әлемнің жарығы» атты салтанатты концертті тамашалады, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты. Мерекелік концертте отандық эстрада әртістері мен жұлдыздары өнер көрсетті.