07 Наурыз, 2017

Облыс орталықтарында ЭКСПО-ның билет кассалары ашылады

213 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Облыс орталықтарында ЭКСПО-2017 көрмесінің билет кассалары ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ертең Павлодар, Өскемен, Қарағанды, Көкшетау қалаларында ЭКСПО-2017 көрмесінің ресми билет кассалары ашылады. Павлодар – «Batyr mall» ОСК, Өскемен - «Император» СК, Қарағанды - ОУМ СҮ, Көкшетау - РИО ОСК. 12 наурызда билет кассалары Петропавл, Талдықорған, Тараз, Шымкент пен Қызылорда қалаларында да жұмыс істей бастайды. Петропавл – «Рахмет» СК, Талдықорған – «Сити Плюс» ОСК, Тараз - «Смолл» СҮ, Шымкент - «Shymkent plaza» ОСК, Қызылорда – «Жибек Жолы» СҮ. Қостанай, Ақтөбе, Орал, Ақтау және Атырау қалаларында Халықаралық көрменің ресми билет кассалары 25 наурызда ашылады. Қостанай – «Март» ОСК, Ақтөбе – «Мега Актобе» ОСК, Орал – «Сити Центр» ОСК Ақтау – «Ақтау» СҮ Атырау – «Baizaar» ОСК. Бұған дейін көрменің ресми кассалары Астана мен Алматы қалаларында ашылған. Сондай-ақ билеттерді көрменің ресми билет сайты арқылы, Меломан дүкендер желісі мен Қазпошта бөлімшелерінен сатып алуға болады.