14 Сәуір, 2011

Көптің көңіліндегі шешім

479 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Ақтауда Президент Әкім­шілігінің Басшысы Аслан Мусин­нің қатысуымен Маң­ғыс­тау об­лы­сы активінің жиналысы өтті. Онда А.Мусин облыстық мәс­л­ихат­тың кезектен тыс сес­сиясында депутаттар Елбасының Маңғыстау облы­сының әкімі қыз­метіне Қы­рым­бек Көшер­ба­ев­ты тағай­ын­да­уы­на бір­ау­ыздан келісім бергендігін жеткізіп, Ел­басы Жарлығын жария етті. Актив жиналысында облыстық мәслихат хатшысы Бақтыбай Шелпеков Аслан Есболайұлына өлке жұртшылығының құрметіне бө­лен­ген іскер де халықшыл бас­ш­ы­ны қайта тағайындау жөніндегі жақсы да жағымды хабары үшін жиналған жұртшылық атынан ал­ғыс айтып, ризашылық сезімін білдірді. Облыста Елбасы тапсыр­масына орай бірнеше жасампаз жобалар қолға алынуда, бастаған істі оның мән-жайын жетік білетін басшының өзі әрі қарай жалғастыратыны қуантады, деді. Актив жиналысында Қырым­бек Көшербаев Елбасының өзіне көрсеткен жоғары сенімін ақтау үшін күш-жігер, қажыр-қайратын жұмсайтындығын жеткізді. Жоламан БОШАЛАҚ. Ақтау.