08 Наурыз, 2017

Шымкентте тек ерлердің қатысуымен сенбілік өтті

145 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Шымкент қаласында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған сенбілік өтті. Сенбілікке тек ер азаматтар қатысты. Осылайша, олар ардақты аналарды, қаланың барша нәзік жанды тұрғындарын мерекемен құттықтады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. Сенбілікке Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев пен қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов та қатысты. Сенбілік шеңберінде 135 текше метр аумақта қоқыс шығарылып, 37 мың шаршы метр арық, 79 мың шаршы метр аумақта жол тазаланды, 55 арнайы техника жұмылдырылды. Айта кетейік, 8 наурыз қарсаңында ерлердің қатысуымен сенбілік ұйымдастыру Шымкентте дəстүрге айналуда.