08 Наурыз, 2017

Суға кеткен баланың денесі 3 күннен кейін табылды

141 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Семейде 5 наурыз күні Ертіс өзеніндегі мұздың жарылуынан суға батып кеткен 10 жастағы баланың денесі бүгін түстен кейін табылды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Баланың денесі жағалаудан 4 метр, батқан жерінен шамамен 1 шақырымдай аумақтан табылған. Естеріңізге сала кетейік, іздестіру жұмыстары үш күн бойы жүргізіліп, Шығыс өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы мен Семей қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының мамандары жұмылдырылған болатын. Азамат ҚАСЫМ, «Егемен Қазақстан» Шығыс Қазақстан облысы