14 Сәуір, 2011

Жауапкершілік жүгі жеңілдемейді

553 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Президент Әкімшілі­гі­нің Басшысы Аслан Мусин жұ­мыс сапарымен Атырауда болды. Ол алдымен облыстық мәс­ли­хаттың кезектен тыс шақы­рыл­ған сессиясына қатысты. «Бүгін Атырауға Елбасының тапсыр­ма­сымен келдім. Нұрсұлтан Әбіш­ұлы облыс әкімі қызметіне Бергей Рысқалиевтің кандидатура­сын ұсынды», дей келе, мәслихат депутаттарының талқысына сал­ды. Депутаттар Б. Рысқалиевтің кандидатурасына бірауыздан дау­ыс берді. Бұдан кейін облыс активінің кеңейтілген мәжілісі өтіп, онда А.Мусин Елбасының облыс әкімі қызметіне Б. Рысқалиевті тағайын­дау туралы Жарлығын оқып берді. Ал қызметіне қайта тағайындалған әкім Елбасы білдірген сенімнің үдесінен шығатынын, алға қой­ыл­ған міндеттерді атқару барысында жауапкершіліктің жүгі жеңіл­де­мей­тінін жеткізді. Президент Әкімшілігінің Бас­шы­сы өңірде баса назар аудары­луы тиіс мәселелерді екшеп берді. Біріншіден, аудандарды теңдей да­мы­ту мәселесі күн тәртібінен түс­пеуі қажет. Екіншіден, шағын және орта бизнесті өркендетуге серпін берілуі тиіс. Қазір бұл салада еңбек ететіндер өңірдегі белсенді халық­тың 23 пайызын құ­райды. Үшін­ші­ден, медициналық қызмет көрсету сапасын жақ­сар­ту, әсіресе, ана мен бала өлімінің алдын алу жайы ерекше көңіл бөлуді қажет етеді. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ. Атырау облысы.