Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданындағы Тақсай қорғанынан 2012 жылы табылған ақсүйек сармат әйелінің қабірі отандық археология ғылымындағы зор табыстың бірі ретінде есептеледі. Қабірден әйелдің мүрдесімен бірге әшекейлері, жапырақты жапсырмалары, білезіктері табылған. Және мұның бәрі алтыннан болатын. Есік қорғанынан табылған әйгілі «Алтын адам» бейнесін қалпына келтірген ғалым-реставратор Қырым Алтынбектің жетекшілігімен ақсүйек әйелдің мүсіні қайта жаңғыртылды. Қазіргі таңда «Тақсай ханшайымы» деген атты иеленген бұл ескерткіш жәдігердің түпнұсқасы Ұлттық музейде сақтаулы тұр.
«Тақсай ханшайымының» қабірін ғалымдар біздің заманымызға дейін V-VІ ғасырларға жатқызды. Бірақ, қайтыс болған әйелдің жасы нешеде екені анықталмаған. Жалпы, Тақсай кешенінен қабірден басқа көптеген жәдігерлер табылғаны бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мәлім болған-ды. «Кешеннен табылған жәдігерлердің көптігі мен ақпараттық тұрғыдағы рөлі оны маңызды ете түседі. Бұл қорғанды зерттеу арқылы отандық ғылымдағы ең бір үлкен ашылу жасалды», дегенді айтқан еді археолог.
Айгүл СЕЙІЛОВА,
«Егемен Қазақстан»
Суретті түсірген
Орынбай БАЛМҰРАТ,

Ауруханадағы 1040 қызметкердің жалақысы төленбеген
Қоғам • Бүгін, 12:11
БҚО-да биыл 6 мектеп күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар • Бүгін, 12:00
«Қайрат» Анарбековты сата ма? Клубтың соңғы шешімі белгілі болды
Спорт • Бүгін, 11:53
Криштиану Роналду 1000 гол межесіне жете ала ма?
Футбол • Бүгін, 11:42
Қырғызстан билігі экс-президент Атамбаевты мемлекеттік наградаларынан айырды
Қоғам • Бүгін, 11:30
ҚазҰУ-дың жас ғалымы цикорийдің диабетке қарсы қасиетін дәлелдеді
Ғылым • Бүгін, 11:23
Тайвань айналасы қоршауға алынады: Қытай ертең әскери дайындықты бастайды
Әлем • Бүгін, 11:04
Қазақстан АҚШ-пен бірлесіп атом энергетикасы саласына қажетті кадрлар дайындайды
Энергетика • Бүгін, 11:00
АҚШ-та екі тікұшақ соқтығысып, бір адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 10:50
Фурманов каналына 40 жылда алғаш рет механикалық тазалау жасалды
Қоғам • Бүгін, 10:48
Келесі жылы зейнетақы мен жәрдемақы қаншалықты өседі?
Экономика • Бүгін, 10:40
Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы сарбаздардың бес арманын орындады
Әскер • Бүгін, 10:35
234 алтын медаль: Әскер спортының жыл қорытындысы шығарылды
Спорт • Бүгін, 10:20
Елдегі кәсіпкерлер салыққа бола шетелге көшіп жатыр ма? Қаржы министрі жауап берді
Қаржы • Бүгін, 10:18