Қазақ әйелдерінің болмысын қапысыз бейнелеген Әмина Өмірзақова апамыздың күлкісін қалай ұмытарсың?! Әйгілі актриса риясыз рахаттанып күлгенде әлем оның шапағатына шомылып тұрғандай болмаушы ма еді? Ұлттық кинематографияның дара келбетінің ең шынайы сәтін мәңгілікке есте қалдырған бір адам болса, ол - қоржынында талай қазынасы бар қызылордалық фототілші Болат Омарәлиев.
Фототілші Әмина апамыздың күлкісін түсіру үшін біраз әбігерге түскен көрінеді. Ғажайып рөлдерін айтпағанда, ең алғашқы Ленинградта өткен Бүкілодақтың кинофестивальде «Ең үздік әйел рөлі» атағын жеңіп алған актрисаның шынайы күлкісін түсіріп алу үшін фототілші оны Қызылордаға гастрольдік сапармен келген сайын аңдиды.
– Кей суреттерді мен көпшілікке енді көрсетіп жүрмін. Кезінде жариялана қоймады. Ал мына суретті актрисаның өзіне көрсетудің мүмкіндігі болмады. Ол кісі Қызылордаға келген сайын көрермендерімен кездесіп, қауқылдасып, тамаша кездесулер өткізуші еді. Оған қоса кезінде «Қазақфильм» киностудиясы Қызылорда өңірінде Әмина Өмірзақованың қатысуымен көркем фильм түсірді. Ол кісі басты рөлде ойнады.
Мен апайдың күлгенде ар жағынан жүрегі көрінетін сәтін түсіріп аламын деп, далада бір сағаттай жүрдім. Жиын аяқталып, актриса сыртқа шыға бергенде, мектеп алдындағы бір баланың қылығына рахаттана күлді де, тістері жарқ ете қалды. Мен фотоаппаратты шырт еткізіп үлгердім. Жалпы, Әмина апаны Қызылорда өңіріне келген сайын түсіріп жүрсем де, шығармашылық мақсатым орындалғаны осы еді.
Негізі әртістерді фотоға түсіру оңай, қалаған бейнеңді сомдап береді. Бірақ, шынайылықты фотообъективте ұстап қалу өте қиын, – дейді фототілші.
Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ

Қарағандыда есірткі таратқан кәсіпкер сотталды
Есірткі • Кеше
Сәтбаев университетінде «Қаныш әлемі» орталығы ашылды
Аймақтар • Кеше
Маңғыстауда елдегі екінші бірегей жедел жәрдем станциясы ашылды
Аймақтар • Кеше
Қар мен тұман: 14 ақпанда елімізде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Алматыда қанша жаңа медициналық мекеме бой көтереді?
Аймақтар • Кеше
Қазақстан азаматтарына неліктен АҚШ визасы берілмейді?
Саясат • Кеше
Михаил Шайдоров жүлдеге таласады: Тікелей эфирді қайдан көруге болады?
Қысқы спорт • Кеше
Тағы бір өңірінде мұнай іздеу жұмыстары басталады
Аймақтар • Кеше
Алматының бір бөлігінде төтенше жағдай жарияланды
Төтенше жағдай • Кеше