09 Наурыз, 2017

Қазақстан халқы Ассамблеясының құттықтауы

148 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қымбатты әйелдер! Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі – Халық­аралық әйелдер күнімен құттық­тауымызды қабыл алыңыздар! Бұл мейірімге толы жарқын мереке біздің жүректерімізді өмір беретін, сүйіспеншілігіне бөлейтін, қуаныш сыйлайтын және қиналған сәттерде қолдайтын Әйелге деген нәзік сезімдермен толтырады. Бұл күні Қазақстанның барша халқы әйелге құрмет-қошемет көрсетіп, оның жасампаз рөліне бас иеді. Сіздер, Қазақстан әйелдері, саясат пен бизнес­те, ғылыми-өндірістік және әлеуметтік-мәдени салаларда жетекші орындарға ие болып, қоғамда татулық пен келісім, мейірімділік пен тыныш­тық, сенім мен үміт орныға түсуіне атсалысып отырсыздар. Халықаралық әйелдер күні біздің бәрімізге тіршіліктің аса маңызды құндылықтары – ынты­мақ­тастық, ізгілік, ризашылық, мейірімділік қасиеттерін тереңірек сезінуі­мізге мүмкіндік береді. Ең бастысы, сіздер қасиетті жерімізге тірлік дәнін сеуіп, балаларымыз – Ұлы Дала елінің азаматтарын тәрбиелеп отырсыздар. Қымбатты аналарымыз, өмірлік серіктеріміз, қарындастарымыз бен қыздарымыз! Сіздермен бірге өміріміз мәнге толып, оның даналығын ұғамыз. Ендеше, көктемнің осы мерекелі күнінде сіздерге арналып ең ізгі тілектер айтылсын! Осы шуақты мерекені отбасында, өз­деріңізді шексіз сүйетін азаматтар­дың, бақыт­ты бала­лары­ңыздың, адал дос­тары­ңыз­дың ортасында қарсы алуларыңызға тілектеспіз! Армандарыңыз орындалып, жүздеріңізде бақыт­тың нұры жайнасын! Өмірлеріңіз татулық пен келісім, өзара түсіністік пен қуанышқа толы болсын! Мереке құтты болсын, қымбатты ханымдар мен арулар! Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі