09 Наурыз, 2017

«Цифрлы Қазақстан» үшін ерекше қуаныштымыз

362 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Біздің буын керемет уақытта дүниеге келіп, өмір сүріп жатыр деп санаймын. Себебі, біз Тәуелсіз елде туып, еліміздің жыл санап саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрғыда нығайып келе жатқанына куә бола жүріп, оған өз үлесімізді қосу мүмкіндігіне ие болдық. Тәуелсіздіктің 25 жылында Елбасы мен халқымыз орасан зор жұмыстарды атқарып, қазақстандықтар үшін дамудың зор мүмкіндіктерін қалыптастырды. Австрия мен Еуропалық одақ елдерінің азаматтары Қазақстан туралы хабардар, олар біздің мәдениетімізге, еліміздің жастарына үлкен қызығушылықпен қарайды. Бізге және елімізге деген сый-құрметтері ерекше. Биыл елордамызда ЭКСПО-2017 халық­аралық көрмесі өтпек. Жуыр­да ғана Алматы­да Дүние­­жүзілік Универ­сиа­да-2017 мәре­­ге жетті. Осының бәрі – Қазақ­стан­­­ның әлемдік аре­нада мо­йын­­­далғанының айқын белгісі. Мемлекет басшысының 31 қаңтар күні Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның Үшін­ші жаңғыруы: жаһандық бәсе­кеге қабілеттілік» атты Жол­дауы еліміздің әл-ауқатын арт­­тыруға бағытталған маңыз­ды қадамдардың бірі деп санай­мын. Жас буын өкілі ретін­де, әсіресе, «Цифрлы Қазақ­стан» бағдарламасы үшін ерек­ше қуаныштымын. Себе­бі, бола­шақ технологияға бай­ла­нысты, тех­нологиялық тұр­ғы­­да дамуға қол жеткізу бас­қа са­ла­ларға да серпін бере­ді. Со­ны­мен қатар, IT бағ­дар­лама­лар шығындарды азай­тып, уақыт­ты үнемдеуге көмек­тесе­ді, адам­дар өзара ақпарат, тауар және қызмет түрлерін алмаса алатын болады. Австриядағы қазақстандық студенттердің пікірінше, бола­шақта отандық өнімдерді экс­пор­ттау еліміздің басқа мем­ле­кет­термен арадағы саяси байланыстарын жақсар­тып, экономикалық әл-ауқаты­мыз­дың артуына оң ықпал етеді. Отан­дық өндірісті жолға қою, қай­та өңдеу халқымызды ол өнім­­дердің шетелдік балама­сы­нан бас тартқызып қана қой­май, өз өнімдерімізді мақтан тұту­ға, жас­тардың санасында отаншыл­дық рухтың күшеюіне де әсер ететіні сөзсіз. Билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері де басқару жүйесінің тиімділігін арттырып, аз уақыт ішінде нәтиже бере бастайды деп сенемін. Парламент пен Үкіметтің рөлінің күшеюі олардың халық алдындағы жауапкершілігін арттыруға тиіс. Әлемдік тәжірибеде бұ­рын­нан бар бұл тәжірибе елі­міз­дегі тұрақтылықтың одан әрі нығая түсеріне әсер етеді. Қазіргі таңда Қазақстанның әлемдегі ең дамыған елдердің қатарынан көрінуіне мүмкіндік туып тұр. Әлихан АСҚАР, Австриядағы Қазақстан студенттері қоғамының президенті