09 Наурыз, 2017

Сот төрелігіндегі жаңашыл бағыттар

262 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
Алматыда Жоғарғы сот "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірігіп "Кәсіпкерлік қызмет шарттарын жақсарту үшін азаматтық-процестік заңнаманы жетілдіру" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Жиынға Жоғарғы соттың маман­­­­дан­дырылған сот алқасының төрайы­мы Айгүл Қыдырбаева, «Ата­мекен» ҰКП басқарма төр­аға­сы­ның орынбасары Рүс­тем Жүр­сінов, Жоғарғы сот жанын­дағы Халық­аралық кеңес мүше­сі, Қазақ­стандағы «КазБар» коммер­ция­лық заңгерлер ассоциациясы бас­қару кеңесінің төрағасы Айгүл Кен­жебаева, сондай-ақ, Жоғар­ғы сот пен жергілікті соттардың судья­­лары, мемлекеттік органдар, биз­нес қауымдастық өкілдері қатысты. Алғашқы болып сөз алған Айгүл Қыдырбаева еліміз тәуел­сіздік алған уақыттан бері ұлттық сот төрелігі заң үстемдігін қамта­ма­сыз етудің және қоғамдағы тұ­рақ­тылықтың сенімді кепілі бола білгенін, ал Қазақстан азамат­тарының құқықтарын сот арқылы қорғау деңгейі халықаралық озық стандарттарға барынша жақындай түскенін, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының аясында сот жүйесі айтарлықтай жаңғыртылғанын атап өтті. «Мемлекет басшысы осы мәсе­леге ерекше көңіл бөліп келе­ді, ол бизнес субъектілерін, инвес­тор­лардың құқықтарын қорғау және олар­дың тиімді қызмет атқаруына оңтай­лы жағдай жасауда сот жүйесінің айрықша рөлін әрқашан назарда ұстап келеді», деді Айгүл ханым. Жиын барысында қатысу­шы­лар сот ісін жүргізуді жеңі­лде­ту­ге, сот төрелігіне қолжетімді­лік­ті кеңей­туге және кәсіпкер­лік­ті қол­дау үшін барынша тиімді жағдай жасауға бағыт­тал­ған жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп келе жатқанын, ең негізгі жаңашылдықтың бірі – инвес­тициялық даулар бойынша дер­бес сот алқасының құрылғанына тоқталды. Сот сатыларын қыс­қар­тып, апелляциялық және касса­ция­лық сатыдағы судьялардың жауапкершілігін арттыру арқылы инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін сапалы құқық­тық түрде қорғауды басты назарға алу мәселесі де тілге тиек етілді. Осы басқосудағы заңды тұл­ға­лар келтірген деректерге сүйенсек, 2016 жылдың басынан бас­тап қолданысқа енгізілген жаңа Аза­мат­тық процестік кодекс заңды мүдделерді қорғау мен қалпына келтіру істерін біршама ілгері жылжытуға себепші болған екен. Аталмыш кодекстегі жаңашыл бағыттар соттар жұмысының тиімді болуына ықпал еткен. Сот төрелігінің ескі жүйесінде кейбір санаттағы істер жарты жылға дейін қаралып келсе, бүгінде олар ең көп дегенде 8 айдың ішінде шешімін таба бастаған. Азаматтық істердің 82 пайыздан астамы бір ғана сот отырысында, 10 пайызға жуығы екі, ал 59 пайызы жеңілдетілген іс жүр­гізу тәртібінде, яғни соттарға мил­лион­ға жуық процеске қатысу­шы­ларды шақырмай-ақ қаралатын болған. Жоғарғы соттың судьясы Гүл­жан Әлмағамбетова өз сөзінде қаты­сушылардың назарын кәсіп­керлік үшін жағдайларды жақсар­туға бағытталған азаматтық про­цестік заңнаманың жаңа­шыл бағыт­тарына аударды. «Азамат­тық процестік кодекске өзгеріс­тер енгізу азаматтық істер бо­йын­ша сот төрелігін жүзеге асы­рудан құралатын міндеттер мен принциптерден тарайтын процестік заңнаманың мазмұны­на қойылатын халықаралық стандарттардың талаптарына сай келеді», – деді. Сонымен қатар, Жоғарғы сот судьясы Мемлекет басшысы жуыр­да ғана азаматтық, процестік және банктік заңнаманы жетіл­діру мақсатында «Қазақстан Республи­касының кейбір заңнамалық акті­леріне азаматтық, банктік заңна­маны жетілдіру және кәсіпкер­лік қызмет үшін жағдайды жақсарту мәсе­лелері бойынша өзгерістер мен толық­тырулар енгізу туралы» Қазақ­­стан Республикасының Заңы­­на қол қойғандығын мәлім­деді. Осы заңға енгізілген түзету­лерге сәйкес, жауапкерге және үшін­ші тұлғаларға талап қою ары­зы­ның көшір­мелерін және оған  қоса беріл­ген құжаттарды үш жұмыс күні ішінде жолдау неме­се тап­сыру міндеті сотқа жүк­те­летін болған. Ал бұрын мұндай міндет талап қою­шыларға жүктелген еді. Арыз­ды электронды құжат түрінде берген жағдайда енді оның көшірмесін қоса беру қажеттілігі болмайды. Сонымен қатар, жауап­кер­лердің талап арызға пікір беру мерзімі талап арыздың көшірмесін алған күннен бастап 10 жұмыс күніне дейін қысқартылған. Бұған қоса, істі сот талқылауына дайындау аяқталған күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей басталатын бірінші сот тыңдауының мерзімі заңнамалық тұрғыда бекітілген. Бұған дейін мұндай мерзім заң бо­йынша мүлдем анықталмаған. Дөңгелек үстел шеңберінде, сондай-ақ, «Baker & McKenzie» компаниясының аға заңгері Алек­сандр Коробейников, «Атамекен» ҰКП Арбитраж орталығының ат­қарушы директоры Асқар Қал­дыбаев, басқарушы директор – «Атамекен» ҰКП Заңнама және өзін-өзі реттеуді дамыту депар­та­­мент­інің директоры Айжан Би­­жанова, Алматы қаласының ма­ман­дандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Ғалия Оңлабекова, Алматы қаласы әділет департаментінің басшысы Гүл­нара Көкебаева және бірқатар заң­герлер мен сот қызметкерлері сөз сөй­леп, өз пікір-түйіндерімен бөлісті. Мира БАЙБЕК, «Егемен Қазақстан» АЛМАТЫ