09 Наурыз, 2017

Ауылда кәсіпкер әйелдер азайып, қалада көбейіп жатыр

132 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
2015 жылы өзін өзі жұмыспен қамтуды қазақтардың азайғанынан кейін 2016 жылы халық жеке іс ашуға қайта бет бұра бастады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша, өзін өзі ғана емес, сонымен қатар өзгелерді де жұмыспен қамтып отырған әйелдер саны 31 мыңнан асты. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 4 пайызға артық. Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы елдегі жұмыспен қамтушы әйелдер саны 35 пайызға құлдырап кеткен еді. Жеке негізде жемісті еңбек етіп отырған әйелдер саны өткен жылы бес пайызға артты. Ал оның алдыңғы жылы бұл көрсеткіш екі пайызға төмендеген болатын. Соңғы екі жылда жұсмыспен қамтушы әйелдер санының құрылымы өзгерді. 2015 жылы бұл санаттағы әйелдердің ішінде ауыл әйелдері көп босла (55 пайыз), былтыр қала әйелдері жеке кәсіпке көбірек бет бұра бастағаны байқалды. Нақтырақ айтар болсақ, өткен жылдың қорытындысы бойынша, өзгелерді жұмыспен қамтып отырған іскер әйелдер саны ауылдық жерде 13 мың болса, қалада бұл көрсеткіш 18 мыңды құрайды. Яғни, бір жылда қаладағы іскер әйелдер саны 12 пайызға артса, ауылдағы әйелдер 6 пайызға азайды. Жалпы, елде қазір “Даму” КҚҚ” АҚ арқылы 10 банк кәсіпкерлерге несие береді. Соның ішінде 9 банктің арнайы әйелдер кәсіпкерлігіне арналған бағдарламалары бар. “Даму” қорының шарты мынадай: Тиімді жылдық сыйақы құны 14 пайыз. Несие көлемі 30 000 000 теңгеге дейін. Мерзімі айналымдағы қаржыны толтыруға 36 айға дейін, ал негізгі қаржыны иемдену мен жаңғыртуға 60 айға дейін. ШОБ-ты қаржыландыратын банктердің орташа пайыздық мөлшерлемесі 17,6 пайыздан басталады.