09 Наурыз, 2017

Қазақстан аумағында екі мәрте жер сілкінісі болды

305 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан аумағында екі мәрте жер сілкінісі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «ҚР БҒМ Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 9 наурыз күні Алматы уақытымен 04 сағат 33 минут 36 секундта жер сілкінісін тіркеген болатын. «Зілзала ошағы Алматы қаласынан солтүстік-батысқа қарай 407 шақырым қашықтықта Қазақстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық санаты - 9.3. MPV бағаны бойынша магнитудасы - 4.0. Тереңдігі - 10 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпараттар түскен жоқ», - делінген таратылған хабарламада. Сонымен қатар, «ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-ның сейсмикалық стансалар желісі Алматы уақытымен 08 сағат 00 минут 01 секундта болған жер сілкінісін тіркеді. "Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 326 шақырым қашықтықта, Қытай мен Қырғыз Республикасының шекарасында орналасқан. Зілзаланың энергетикалық класы -9.5. Тербелісі  - MPV 4.1, тереңдігі - 5 шақырым. Зілзала дүмпуі Алматыда сезілген жоқ», - деп хабарлады СТӘЭ.