09 Наурыз, 2017

Мұнай бағасы үш айлық минимумға құлдырады

146 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Лондонда ICE биржасының саудасында Брент мұнайының баррелі 2016 жылдың желтоқсан айының басынан бері алғаш рет 53 долларға дейін төмендеді. Сауда барысында Brent мұнайына мамыр айының фьючерстер құны 5 пайызға дейін төмендеп, барреліне $52,77 құрады. Бүгін таңертең Brent мұнайы 53,19 долларға бағаланды Бағаның бұлайша арзандауына АҚШ-тағы мұнай қорының күрт көбеюі түрткі болған. 24 ақпаннан 3 наурызға дейінгі аралықта АҚШ-тағы мұнай қоры 8,22 миллион баррельге артып, 528,4 миллион баррельге жеткен. Ал сарапшылар мұнай қорын небары 1,97 миллион баррельге көбейеді деп күткен еді.