14 Сәуір, 2011

Әлеуметтік әріптестік кепілі

557 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
ҮШЖАҚТЫ КЕЛІСІМНІҢ ОРЫНДАЛУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ Қазақстан Республикасының Ата За­ңында әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құ­қығы бар екені атап көрсетілген. Ал, өмірде кездейсоқ жайлар болатынын ескерсек, еңбек адамының құқығын қорғау қажеттігі туындайтын кездер де кездеседі. Бұл мәселе кәсіподақ ұйым­дарынан қолдау тауып, үшжақты келісім нәтижесімен шешілетініне көз жеткізілді. Өңірде өткен жылы 37 адам жұмыс орнында зардап шексе, оның 18-і ауыр жарақат алып, еңбекке жарамсыз ретінде тіркелген. Үшжақты келісім арқасында осы азаматтардың құқықтары қорға­лып­ты. 2008-2010 жылдары аралығында ат­қарылған жұмыс қорытындысы шыға­рылып, алдағы міндеттер айқындалды. Кәсіподақ қызметін қайта жандан­ды­ру қажеттігін көтерген Мырзағали Мол­дахметтің басшылығымен өңірдегі көпте­ген мекемелерде кәсіподақ ұйымдары жұ­мыс істеуде. Олардың жұмыс берушінің жалақыны уақтылы төлеуін, жұмыс­шы­ларға әлеумет­тік-тұрмыстық жағдай жасау мен еңбеккерлердің құқығын қорғау және еңбек заңының орындалуын қатаң ба­қы­лайтынын айтуға болады. Нәти­же­сінде қан­шама азамат өз құқықтары қор­ғалуына жол ашса, өзге де мәселелер шешімін табуда. Бұл үшжақты келісімдегі негізгі тар­мақтардың бірі. Келісім аяқ­та­лып, өткен жұмысқа есеп беріліп, жаңа­сын талдаған басқосудағы өзекті мәселе осы­ған тірелді. Алматы кәсіподақтар одағының төр­аға­сы Мырзағали Молдахмет әр жұмысшы өз құқығын білуі тиіс, сонда ғана даулы мәселе болмайды, деді. Үшжақты келісім – әлеу­меттік әріптестіктің негізі. Алматы об­лы­сы­ның әкімі, Алматы кәсіподақтар ода­ғы жә­не Жетісу өңірінің жұмыс берушілер бірлес­тіктері 2008-2010 жыл­дар­ға үшжақ­ты келісімге отырған. Өткен жыл­дар ара­лы­ғын­дағы келісім мерзімі аяқ­талды. Осы ара­лықта халықты әлеуметтік қорғау, олардың табысы мен өмір сүру деңгейі, еңбек қауіп­сіздігі және басқа да әлеу­меттің әлеуетін кө­те­руге бағытталған жұ­мыстар жайлы есеп­тер тыңдалып, көп­теген жайлар ортаға салынды. Облыстық жұмыспен қамтуды үй­лес­тіру және әлеуметтік бағ­дарламалар бас­қармасының бастығы Ұмсын Балабиева әлеуметтік саладағы атқарылған жұмыс қорытындысы жайлы айтты. Мә­селен, өт­кен жылдары өңір халқын жұ­мыспен қам­ту, жаңа маман­дықтарға оқы­ту, жастарды кәсіби даярлау бары­сын­дағы жұмыстар жандана түсіпті. Осы­лайша бөлінген қа­ражат тиімді жұм­салып, мыңдаған жұмыс орны ашыл­ға­нын айтқан жөн. Үшжақты келісімнің тағы бір бағыты – балалар құқығы. Олардың білім алып, демалыстарын тиімді өткізуіне бағыт­тал­ған шаралардың өз деңгейінде болуын қа­дағалау өз жемісін берген. Талай жыл­дар­дан бері айтылған балаларға арналған демалыс лагерьлері жайлы өзекті мәселе де үшжақты келісім нәтижесінде шешімін табатындығы. Енді балалар бұрынғыдай мектеп жанындағы лагерьлерде демал­май­ды. Әсем табиғат аясында арнайы лагерь салу жедел қолға алынуда. Үшжақты келісім жалғасын табады. Он­ың мақсаты мен мүд­десі жетісу­лық­тардың ертеңгі өмірін қалыптастыруға негізделуде. Күмісжан БАЙЖАН. Алматы облысы.