09 Наурыз, 2017

"Брексит" Британия экономикасына зиян тигізбейтін болып шықты

197 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлыбританияның қаржы министрі Филип Хэммонд парламентке ел бюджетін таныстырды. Бұл бюджет өткен жылдың шілдесіндегі референдумның "Брексит" шешімінен кейінгі алғашқы бюджеттік жоспарлау, деп жазады BBC.

Министр оптимистік болжамға толы баяндамасын оқыды. Онда елдің экономикасы күткендегіден қарқынды өсетіні айтылған.

Хэммондтың айтуынша, қарқынды экономика "брексит" бойынша келіссөздерге қуатты және тұрақты платформа ұсынады.

Айта кетерлігі, енді елдің Лиссабон келісімінің 50-бабына сай Одақтан шыққанына дейін бюджет жобасы қаралмайды. Ендігі бюджет тек елдің одақтан шығып кеткенінен кейін дайындалады.

Өз сөзінің басында Хэммонд британдық экономиканың күмәнмен қараушылардың аузына құм құйғанын айтты.

Оның айтуынша, биыл ІЖӨ 2 пайызға өспек. Ал осының алдында сарапшылар өсімді 1,4 пайыз деп болжаған еді.