Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) мерзімсіз жазаға ұшыраған «Барыс» ойыншысы Дамир Рыспаев алдағы уақытта Солтүстік Америкаға жол тартуы мүмкін екендігін мәлімдеді, деп хабарлады shaiba.kz.
Бұған дейін ҚХЛ өкілдерінің бірі Рыспаевтың жазасы ешқашан кешірілмейтінін айтқан болатын.
«Бәріңіз білетіндей, 18 тамыз күні «Куньлунь Ред Стармен» болған оқиға үшін мерзімсіз жазаға ұшырадым. Тек жарты жылдан кейін ғана бұл істі қайта қарау керек болатын. Бірақ әлі нақты жауап болмады. Сондай-ақ, Халықаралық хоккей федерациясы да дисквалификация бергені үшін Қазақстан құрамасының сапында ойнай алмай жүрмін», – деді Дамир Рыспаев.
«Шынымды айтсам, бәріне қол сілтеп, Солтүстік Америкаға кетіп қалу туралы ойладым. Бірақ клубта бұл мәселе көп ұзамай, жақсы жағына қарай шешілуі тиіс екендігін айтты. Ендігісін уақыт көрсете жатар. Егер дисквалификациям алынбайтын болса, кететінім анық», – деді хоккейші.
Сонымен қатар, кешірімге ие болып, бұрынғы жаттықтырушысы Андрей Назаров «Нефтехимикке» шақырар болса, кетіп қалуы да мүмкін екен.
«Андрей Назаровтың қол астына кетіп қалуым да мүмкін. Екеуіміз скайп арқылы байланысып тұрамыз. Бірақ мен үшін «Барыс» бірінші орында. Істің бәрі менің жаза мерзімім туралы болғандықтан, мұндай ұсыныс түспеді», – деді ол.
Соңғы ойындарда «Барыс» хоккейшілеріне жиі ойын тәртібі бұзылып жүр. Мәселен, Новокузнецкінің «Металлургімен» өткен матчта Алексей Васильченко астаналықтардың сапынан Брэндон Боченскидің басынан ұрып құлатып, жарақаттаған болатын.
«Бұл сәтті көрдім. Әрине, Брэндон үшін бәрі сәтсіз аяқталды. Бірақ Алексей Васильченконы өз басым білгендіктен, теріс оймен жасады деп айта алмаймын. Бұл ойын кезіндегі жағдай. Спорт болғандықтан жарақатты алдын ала білу мүмкін емес. Қазір әріптесім қатарға қосылып, «Барысқа» көмегін тигізеді деп ойлаймын», – деді ол.
«Команданың қазіргі жаттықтырушысы Эдуард Занковецпен бірнеше рет сөйлестік. Ойындар жайлы талқыладық. Алдағы уақытта төбелеске бет бұрмай, бәрі оңынан болса, командама септігімді тигізгім келеді», – деді 21 жастағы тафгайшы.
• 09 Наурыз, 2017
Дамир Рыспаев: Солтүстік Америкаға кетуді жоспарлап жүрмін

Ақтөбеде лицензиясыз ломбард 93 миллион теңге заңсыз табыс тапқан
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:05
Аустрияда балалар тағамынан егеуқұйрық уы анықталды
Оқиға • Бүгін, 11:55
Қазақстанда құрылыс компанияларына жаңа шектеулер енгізіледі
Қазақстан • Бүгін, 11:42
«Қазақ тазысы мен төбет күні»: Қазақстанда жаңа мереке пайда болды
Мереке • Бүгін, 11:37
Роботтар жарысы: Қытайда 100-ден астам гуманоид марафонда жүгірді
Технология • Бүгін, 11:26
Үндістандағы фейерверк зауытында жарылыс болды: 23 адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 11:23
Ипотекалық нарық кеңейтілді: Коммерциялық банктер жаңа жүйеге қосылды
Қазақстан • Бүгін, 11:12
Бірегей оқу орнының тәжірибесі мен даму келешегі
Білім • Бүгін, 11:00
Көмір электр станцияларындағы шығарындылар 34 пайызға азаяды
Энергетика • Бүгін, 10:54
Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салған азамат жауапқа тартылды
Қоғам • Бүгін, 10:44
«Алтыналмас» акциялары AIX биржасында саудаға шықты
Экономика • Бүгін, 10:37
Мұхтар Шахановтың соңғы аманаты жарияланды
Тұлға • Бүгін, 10:32
18 сәуірден бастап Меккеге кіру шектеледі: Жаңа талаптар жарияланды
Қоғам • Бүгін, 10:27
ЕҰУ жастары «Таза Қазақстан» акциясында белсенділік көрсетті
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 10:20
АҚШ-тың Луизиана штатында болған атыстан 8 бала көз жұмды
Әлем • Бүгін, 10:15