Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) қарсыластарына неліктен сыйластықпен қарайтынын, сондай-ақ мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен өтетін жекпе-жегі келесі жылға қалуы мүмкін екендігін мәлімдеді.
«Бұл өмір, ал бокс – спорт. Әркім өз міндетін лайықты түрде орындауы қажет. Мен өз жұмысымды жақсы білемін. Қарсыластарыма барынша сыйластықпен қарауға тырысамын», – деді Головкин CBSsports.com тілшісімен сұхбатта.
«Альвареспен өтуі тиіс жекпе-жегім жайлы айтар болсам, промоутерім Том Леффлермен сөйлестім. Ол Golden Boy (Альварестің промоутерлік компаниясы) өкілдерімен байланысқа шыққан екен, мексикалық боксшының тарабы тек бір жылдан кейін ұйымдастырайық деген жауап беріпті. Онымен жұдырықтасуға ылғи да дайынмын. «Канело» екеуіміз жөнінде тым көп жаңалықтар тарап кетіпті. Бұл туралы кейінірек айтармын. Қазіргі уақытта ойымның бәрі Дэнниел Джейкобспен өтетін айқасым жайлы», – деді қазақстандық боксшы.
Айта кетейік, Головкин мен Альварес арасындағы жекпе-жек өткен жылы өтуі тиіс болатын. Бірақ қос тарап әлі күнге дейін қаржы мәселесінде ортақ ымыраға келе алмай жүр. 18 наурызда Геннадий WBA (Regular) белбеуінің иегері, америкалық Дэнниел Джейкобспен жұдырықтасса, «Канело» 6 мамыр күні отандасы кіші Хулио Сезар Чавеспен қолғап түйістіреді.
• 09 Наурыз, 2017
Головкин: Альвареспен жекпе-жегім келесі жылға қалатын сияқты

Қазақстан хоккейшілері әлем чемпионатында қарсыласын 10:2 есебімен жеңді
Хоккей • Бүгін, 13:45
Ірі деректер базасының операторлары үшін биометриялық сәйкестендіру міндетті болмақ
Үкімет • Бүгін, 13:39
Ресейде қойылым кезінде жолбарыс көрермендерге қарай секірген
Оқиға • Бүгін, 13:26
Автокөліктегі міндетті жиынтық: Жүргізушілер нені білуі тиіс?
Қоғам • Бүгін, 13:13
Жас шахматшылар әлем чемпионатында көш бастады
Спорт • Бүгін, 12:52
Ақтауда блогерлердің жеке өміріне қатысты материалдарды таратқан күдікті ұсталды
Қоғам • Бүгін, 12:42
Қазақстан мен Үндістан арасындағы әуе рейстері көбейеді
Қазақстан • Бүгін, 12:40
Яна Легкодимова ісі бойынша сотталғандар колонияға ауыстырылды
Қоғам • Бүгін, 12:27
Қытайлық технологиялық алпауыт Kaspi-дің 6 млн акциясын иеленді
Банк • Бүгін, 12:22
Мемлекет басшысы Мұхтар Шахановтың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 12:09
Ақтөбеде лицензиясы жоқ ломбард 93 миллион теңге табыс тапқан
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:05
Аустрияда балалар тағамынан егеуқұйрық уы анықталды
Оқиға • Бүгін, 11:55
Қазақстанда құрылыс компанияларына жаңа шектеулер енгізіледі
Қазақстан • Бүгін, 11:42
«Қазақ тазысы мен төбет күні»: Қазақстанда жаңа мереке пайда болды
Мереке • Бүгін, 11:37
Роботтар жарысы: Қытайда 100-ден астам гуманоид марафонда жүгірді
Технология • Бүгін, 11:26