09 Наурыз, 2017

Алматыда баскетболдан дәстүрлі Қазақстан кубогы басталды    

134 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Тура 8 наурыз, мереке күні басталған дәстүрлі турнирге Қазақстанның таңдаулы 6 командасы қатысуда. Командалар екі топқа бөлінген: “А” және “Б”. “А” группасы –“Алматылық Легион”, “Барсы Атырау”, “Тобол”. “Б” группасы – “Астана”, “Қапшағай”, “Каспий”. Топтық кезеңде үздік нәтиже көрсеткен  командалар арасында бірінші және екінші орын алғандар жартылай финалға жолдама алады. Үшінші орынды иеленген ұжымдар бесінші орынды сарапқа салады. Кубок ұйымдастырушылары баскетбол ойынын жақсы көретін жанкүйерлерін «Достық» спорт кешеніне шақыруда. 12 наурызға дейін жалғасатын жарыстар қазір қызу жүріп жатыр. Ал басқа қалалардағы спортсүйер қауым турнирдің барлық ойындарын www.al-bclegion.kz сайтынан онлайн режімі арқылы көре алады. Турнир, командалар кестесі, матчтардың нәтижелері, сондай-ақ командалар мен ойыншылар статистикасы, рекордтар мен  жарыстың көшбасшысы жайлы толық ақпараттар жоғарыдағы сайттағы турнирлер бөлімінде жедел жариялануда. Айнаш Есали, «Егемен Қазақстан». АЛМАТЫ