13 Наурыз, 2017

Елді ілгерілетудің тиімді тетігі

222 рет
көрсетілді
13 мин
оқу үшін
«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясының кезектен тыс отырысын өткізді. Іс-шара Мемлекет басшысы қол қойған Қазақстанның жаңартылған Конституциясына арналды. Сөз басында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары бұл күн еліміз үшін тарихи күн екенін айтты. Сондай-ақ, ол бір ай бойы қазақстандықтар Ата Заңға енгізілетін өзгерістерді қызу талқылағанын қатысушылардың есіне салды. Одан бөлек, Қазақ­стан­ның әр түкпірінде осы мә­селеге қа­тысты ондаған мың кездесу ұйым­дастырылып, бұқа­ралық ақпарат құралдарында мың­даған мақала жарияланғаны айтылды. Әлеуметтік желілерде де бұл тақырыптың бірінші орынға шыққаны назарға алынды. Мәселен, ауқымы кең осынау бүкілхалықтық үнқатысудың нәти­жесінде еліміздің барлық айма­ғының тұрғындары мем­лекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәсе­лелері жөнінде 6 мыңнан астам ұсы­ныстарын жеткізген болатын. Олардың барлығы тыңғылықты сарапталып, Конституциядағы түзетулерден лайықты көрініс тапты. Ал еліміздің заң шығарушы органындағы бірнеше сағатқа жалғасқан қызу талқылаудан кейін депутаттар жаңа түзетулер енгізуге қолдау білдірді.Осыған орай, Ата Заң екі оқылымда қабылданып, Мемлекет басшысының қарауына жолданды. «Конституциялық кеңестің оң шешімінен кейін Елбасы бұл тарихи құжатқа қол қойды. Осылайша, Президент Қазақстанның жаңа саяси құрылымының іргетасын қалады» дей келе, Мұхтар Құл-Мұхаммед Демократиялық күш­тердің «Қазақстан-2050» жалпы­ұлттық коалициясы Ата Заң­ның жаңа редакциясын толық қолдай отырып, күшті президент­тік биліктің сақталуы мен жаңар­­тылған Конституцияда тәуелсіз Қазақстанның негізін қалау­шы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев­тың ерекше рөлі одан әрі нығая түскенін айрықша атап өтті. «Нұр Отан» партиясы Төр­аға­сының бірінші орынбасары: «Бар болғаны ширек ғасыр­дың ішінде елімізді әлемдік деңгей­дегі өте қуатты және беделді мем­лекетке, сондай-ақ, тұрақ­ты­лықтың, бірліктің және қар­қынды экономикалық дамудың орта­лығына айналдырған Мемлекет басшысы Қазақстан жолының аса көрнекті сәулетшісі болып табылады», деді. Сонымен қатар, Мұхтар Құл-Мұхаммед конституциялық рефор­маның басты мақсаты, ең алдымен, қоғамды ұйыстыру екенін айтты. Өйткені, Елбасымыздың Үшінші жаңғыру мен «Қазақстан-2050» даму стратегиясы аясында алды­мызға қойған міндеттерінің ауқымдылығы мен аса күрделілігі ескеріліп, жаңа кезеңде де бірлік, біртұтастық және тұрақтылық сияқты негізгі құндылықтардың маңызы арта бермек. Сондай-ақ, Мұхтар Құл-Мұ­хам­мед барша коалиция мүшелеріне қарата: «Ата Заңдағы жаңа нормалар өз әлеуетін іс жүзінде толық көрсету үшін Қазақстанның барша азаматтық қоғамы, соның ішін­де, алдымен сая­си партиялар жұмыстарын сапалы түрде жаң­ғыртулары керек. Себебі, бүгін­де Демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясының қатар­ындағы партиялар мен қоғам­дық бірлестіктер халық пен билік арасын байланыстыратын бас­ты алаң болып табылады. Жаңар­тылған Конституциядан кейін мем­лекеттік басқару мен атқарушы би­лікке ықпал етудің қуатты тетігіне ие болған Парламенттің жұмысына да дәл біздер бағыт-бағдар беріп отырамыз», деді. Бұл күнгі жиын барысында коалиция мүшелері сөз сөйлеп, өз ойларын ортаға салды. Мәселен, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы, Парламент Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев бір ай ішінде болған жалпыхалықтық талқылау барысында мыңдаған азамат өз пікірі мен ұсыныстарын айтуға мүмкіндік алғанын жеткізді. «Жалпы алғанда, біз сол тал­қылаулардың нәтижесінде бүкіл елімізді біріктіретін, жұмыл­ды­ратын шешімге келдік деп айтуға болады. Мәселен, 26-бап бойынша қаншама қызу пікірталас болды. Елбасымыз, бұл орайда, өте салмақты шешім қабылдап, ол бапқа ешқандай өзгеріс енгіз­ген жоқ. Десек те, саяси жүйе тетік­терін жетілдіру мақсатында Конституциямыздағы көптеген баптар бойынша оң өзгерістерге қол жеткіздік», деді «Ақ жол» партиясының төрағасы. Қазақстанның Коммунистік халықтық партиясының хатшысы, Парламент Мәжілісінің депу­таты Жамбыл Ахметбеков: «Конс­титуциялық реформа алдағы уақытта Қазақстаның әрі қа­рай дамуына көп әсер ететіні бел­гілі. Депутаттар – халықтың өкі­лі. Сондықтан, Парламенттің бақы­лау-қадағалау тетіктері, сон­дай-ақ, Парламенттің алдында Үкі­меттің жауапкершілігі күшей­се, саяси күштердің, яғни партия­лар­дың да рөлі артатын бола­ды» десе, «Ауыл» халықтық-демо­кра­тия­лық патриоттық партия­сының төр­ағасы, Парламент Сена­тының де­пу­таты Әли Бектаев Конс­ти­ту­ция бойынша ұсынылған өзге­ріс­тер мен толықтырулар елдің бір­лігін, ынтымағы мен татулығын қам­та­масыз етуге сеп болатынын айтты. «Оған бүкіл қазақстандық ат салысты. Қазақстанның жұрт­шылығы елімізде болып жатқан жаң­ғыртуларға, мемлекет бола­шағына бейжай қарамайтынын көрсетті. Біздің партиямыздың өкіл­дері де 100-ден астам іс-шара өткізіп, жұмысшы тобына өз­дерінің 100-ге тарта ұсыныс-пікірлерін берді. Ал Конститу­циямызға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар еліміздің жаңа белеске көтерілуіне жол ашады деп ойлаймыз», деді Ә.Бектаев. Демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясының тағы бір мүшесі, «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жал­­­пы­ұлттық қозғалысы» рес­пуб­­ли­калық қоғам­дық бір­лес­тігі­нің төр­ағасы Орал­бай Әб­­ді­­­кә­рімов Елбасы Н. Назар­баев­­­тың ұсынысымен Ата Заңға енгі­­зілген өзгерістер халық тарапы­­нан қолдау тапқанына, жобаны тал­қылау кезінде түскен ұсы­ныстар­дың ескерілгеніне тоқталды. «Конституцияға енгізілген өз­герістер мемлекет дамуына, аза­мат­тық қоғамға оң ықпал етуі керек. Осылайша, біз халықтың сені­міне ие боламыз», деді О.Әбді­кәрімов. Бұдан кейін «Бірлік» сая­си партиясының төрағасы Серік Сұл­танғали, Парламент Мәжілі­сінің Заңнама және сот-құқық­тық реформа комитетінің төр­ағасы Нұрлан Әбдіров, Қазақ­стан Республикасы Кәсіп­одақтар федера­циясының төрағасы Әбіл­ғазы Құсайынов, «Қазақстанның азаматтық Альянсы» заңды тұлға­лар бірлестігінің төрағасы Нұрлан Ерімбетов, «Қазақстан украин­дарының радасы» қоғамдық бірлес­тігінің жетекшісі, Парла­мент Мәжілісінің депутаты Юрий Тимощенко, «Қазақ­стан Рес­публикасының Ұлттық инженерлік академиясы» респуб­ликалық қоғам­дық бірлестігінің президенті Бақыт­жан Жұмағұлов, Қазақ гумани­тарлық-заң универ­ситеті Құқық­тық саясат және конститу­циялық заңнама ғылыми-зерттеу институтының директоры Сергей Ударцев, «Қазақстан-2050» жалпы­ұлттық қозғалысы кеңесінің төр­ағасы Мұхтар Манкеев сөз алып, конституциялық реформа төңіре­гіндегі ой-пікірлерін ортаға салды. Отырыс барысында Де­мо­кратиялық күштердің «Қазақ­стан-2050» жалпыұлттық коа­ли­ция­сы жаңартылған Консти­туцияны қолдау мақсатында қазақ­стан­дықтарға өзінің арнайы үндеуін жариялады (Ол бөлек жарияланып отыр). Жиынды қорытындылаған Мұхтар Құл-Мұхаммед: «Бүкіл­халықтық талқылау негізінде қабыл­данған жаңартылған Ата Заңымызды бірлік пен келісім Конституциясы деп атауымыз керек. Бүгін осы тарихи құжатқа қол қою арқылы Елбасы бізге үлкен сенім артып отыр. Сондықтан біз бар күш-жігерімізді осы сенім мен жауапкершілікті ақтауға жұмсауымыз керек», деді. Бұл ретте, Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» жал­пыұлттық коалициясы елі­міздегі 5 жетекші саяси партия­ны, 23 ірі қоғамдық бірлестікті бі­ріктіретінін атап өткен жөн. Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»   Демократиялық күштердің "Қазақстан-2050" Жалпыұлттық коалициясының Үндеуі

ҚҰРМЕТТІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР!

Еліміз жаңа тарихи дəуірге аяқ басты. Бүгін, 2017 жылғы 10 наурызда Елбасымыз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойып, Қазақстанның саяси, экономикалық жəне əлеуметтік жаңғыруының іргетасын қалады. Мемлекет басшысы бастамалық еткен конституциялық реформаларды бұрын-соңды болмаған кең көлемдегі жалпыхалықтық талқылауы, Қазақстан азаматтарының мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу жөніндегі алты мыңнан астам ұсы ныстары, еліміздің жоғарғы заңнамалық органының Негізгі Заңға өзгерістерді жан-жақты қарастыруы мен қабылдауы – бұл Қазақстан халқының азаматтық келісімі мен бірлігінің дəлелді көрінісі, Елбасының елімізді жаңғыртудағы салиқалы саясатын қазақстандықтардың бірауыздан қолдауының дəлелі. Елбасымыз Парламенттің бірлескен отырысында атап өткендей, конституциялық реформа ең алдымен біздің қоғамды шоғырландыруға бағытталған. Еліміздің Президенті «Үшінші жаңғыру жəне «Қазақстан -2050» даму стратегиясы аясында алға қойған мақсаттардың ауқымдылығы мен күр делілігін ескерсек, Тəуелсіздік, бірлік, тұрақ тылық, этносаралық жəне конфессияаралық келісім сияқты іргелі құндылықтардың маңызы тек арта түседі. Негізгі Заңның қағидатты түрдегі маңызды ережесі ол мықты президенттік биліктің сақталуы жəне жаңартылған Конституцияда Тəуелсіз Қазақ стан ның негізін салушы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев тың ерекше рөлін орнықтыру болып табылады. Тəуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Қазақстан табыстарының басты архитекторының үздік басқаруымен біздің республика ширек ғасырдың ішінде бүкіл əлемге əйгілі, тұрақтылық, бірлік жəне қарқынды экономикалық даму орталығы болып табылатын қуатты жəне беделді республикаға айналды. Жаңартылған Конституция бүкіл мемлекеттік басқару жүйесінің одан да тиімді жəне үйлесімді жұмыс істеуіне мықты мүмкіндік туғызады. Экономика саласында Үкіметтің атқарушы өкілеттіктері мен дербестігінің кеңеюі жəне оның жауапкершілігі мен Парламент алдындағы есеп беруі саяси жүйенің тұрақтылығы мен мемлекет дамуының ұзақ жылдық кепілі болып табылады. Парламенттің Үкімет қызметін бақылаудағы өсіп келе жатқан рөлі Үкіметтен ағымдағы жəне стратегиялық жұмыстың сапалы жаңа деңгейін, жоғары заң шығарушы орган, ол арқылы Қазақстан халқы алдындағы ашықтығы мен есеп беруін талап етеді. Мұның Қазақстан экономикасының инновациялық даму мақсаттарына жəне əлемнің алдыңғы қатарлы 30 мемлекетінің деңгейіне жетудегі маңызды мəні бар. Парламент жəне жергілікті өкілетті органдар рөлінің өсуі халық пен билік арасындағы негізгі байланыстырушы тетік, саяси процестер мен қоғамдық талқылаулардың белсенді субъектілері, барлық əлеуметтік топтар мүддесінің өкілі ретінде Қазақстанның барлық саяси партияларының жауапкершілігін жəне даму мүмкіндігін күшейтеді. Саяси жүйені дамытудың Конституцияға енгізілген үлкен əлеуеті еліміздің барлық саяси партиялары мен қоғамдық бірлестіктеріне қосымша талаптарды жүктейді. Еліміздің Ата Заңының дəуірлік жаңғыртылуы қолданыстағы заңдарды ретке келтіру, азаматтық қоғамның жалпы заңнамалық базаны жетілдіруге жəне конституциялық реформаларды одан əрі жүзеге асыруға кеңінен қатысуы бойынша ауқымды жұмыстарды қажет етеді. Біз, Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясының мүшелері, барлық əлеуметтік топтардың мүддесін білдіретін жетекші саяси күштер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілетті жəне беделді ұйымы ретінде мемлекеттің барлық азаматтарын қоғамдық келісім мен бейбітшілік, тұрақтылық пен еліміздің дамуы үшін конституциялық реформаларды қолдауға жəне оны іске асыруға белсенді қатысуға шақырамыз. «Нұр Отан» партиясы, «Ақ жол» демо кратия лық партиясы, Қазақстан Коммунистік халықтық партиясы, «Бірлік» саяси партиясы, «Ауыл» халықтық-демократиялық партия- сы, «Қазақстан Республикасының кəсіп одақтар федерациясы» республикалық кəсіподақтар бірлестігі, «Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық кəсіпкерлер палатасы, «Қазақстан кəсіпкерлерінің форумы» заңды тұлғалар бірлестігі, «Республикалық əйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігі, «Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясы стипендиаттарының қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі, «Қазақстанның азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі, «Қарулы Күштерінің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігі, «Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясы» республикалық қоғамдық бірлестігі, «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылымдар академиясы» республикалық қоғамдық бірлестігі, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі, «Қазақстанның кəсіпкер əйелдері одағы» қоғамдық бірлестігі, «Жасыл» экономиканы қолдау жəне G-Global-ды дамыту коалициясы» заңды тұлғалар бірлестігі, «Қазақстан тұтынушыларының ұлттық лигасы» қоғамдық бірлестігі, «Қазақстанның іскер əйелдері қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі, «Қазақстан ардагерлері» Ауғанстан соғысы ардагерлерінің қауымдастығы, «Қазақстан украиндары радасы» қоғамдық бірлестігі, «Қазақстанның дағдарыс орталықтары одағы» заңды тұлғалар бірлестігі, «Қазақстан мүгедектерінің конфедерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі, «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігі, «Жұлдыз» балалар қоғамдық ұйымдарының одағы» қоғамдық бірлестігі, Астана қалалық демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» коалициясының мүшелері.